Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет29/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Сабақтың кезеңдері: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау. 
Бір, екі, үш 
Сынып іші тып-тыныш. 
Жалқаулықты тастаймыз, 
Сабақты біз бастаймыз. 
ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру. 
Сұрақ-жауап әдісі. (диалог) 
- Әріп дегеніміз не? 
- Дыбыс дегеніміз ше? 
- Дыбыстар нешеге бөлінеді? 
- Дауысты және дауыссыз дыбыстардың ережесін естеріне түсіреді. 
Дауысты және дауыссыз дыбыстар болып екі топқа бөлінеді. 
Бірінші кезең: Өткен материалдарды еске түсіру. Мақсаты: жаңа білімді 
бұрынғы біліммен байланыстыра отырып, өтілетін материалды жеңіл, 
ұғынықты меңгерту. Тірек тапсырма: Білім алушылардың алған 
білімдерін естеріне түсіріп, берілген жаңа сабаққа негіз болатын 
тапсырмалармен жұмыс. «Кім жылдам?» ойыны. Құрамында у дыбысы бар 
сөздерді атау. 


Мысалы: Ауа, сусын, сауысқан, елу т.б (оқушылар )
ІІІ. Жаңа сабақ 
Екінші кезең: Жаңа білімді меңгеру. Мақсаты: дербес тұрғыда әрекеттер 
іске асады. 
ІV. Дәптермен жұмыс.
Уу әрпі мен дыбысын көркемдеп жазу.
Сусын сөзін жазып, сөз құрамындағы у дыбысының дауысты дыбыс болып 
тұрғанын дәлелдейді. Ереже шығарады. Дауыссыздан соң және сөз 
басында дауыссыздан бұрын келген у дыбысы дауысты болады. У
дыбысы дауысты болып тұрған сөзге математикалық тәсілмен дыбыстық 
мінездеме беру. Оқыту формасы: ұжымдық. Жазылым бойынша тілдік 
материалды сатылай кешенді талдау жасау. (1-деңгей) 
Мұғалім жазады, оқушы жазады. Оқушы жазғанын дауыстап айтады. 
Қазақ халқында қандай сусын түрлері бар? Олар туралы не білесіздер?
Ата-бабаларымыздан ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалған салт-
дәстүрлерді бағалауға баулу. 
Мысалы: Берілгені: Сусын сөзінде қанша дыбыс бар. Оның нешеуі 
дауысты, нешеуі дауыссыз екенін бізден сұрайды. 
Ол былай өрнектеледі: 
Берілгені: Сусын = =
=?; 
Шешуі: Сусын сөзінде бес дыбыс бар. Оның екеуі – олар: у,ы дауысты 
дыбыстар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз 
қуысында ешбір кедергіге ұшырамай ауа еркін шығады. Үшеуі – олар: 2с, 
н дауыссыз дыбыстар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан 
ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады. 
Ол былай өрнектеледі: 
2(у, ы)дауысты
5о= ; 
3(2с, н)дауыссыз
а) Тілдің қатысына қарай екі дауысты дыбыстың екеуі де – олар: у,ы тіл 
арты немесе жуан дауысты дыбыстар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда 
тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып, үсті сәл дөңестенеді. Сөзде тіл алды 
немесе жіңішке дауыстылар жоқ. 
Ол былай өрнектеледі: 
2(у, ы)тіл арты немесе жуан
2 = 

ә) Жақтың ашылу дәрежесіне қарай екі дауысты дыбыстың екеуі-олар: у,ы
қысаң дауыстылар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда жақ тар ашылып, ауа 
қысылып шығады. Сөзде ашық, жартылай ашық дауыстылар жоқ. 
Ол былай өрнектеледі: 
ашық + жартылай ашық 


2 = 

2(у, ы)қысаң
б) Ерін мен езудің қатысына қарай екі дауысты дыбыстың біреуі –ол: у 
еріндік дауысты. Себебі, бұл дыбысты айтқанда ерін дөңгеленіп, алға 
қарай сүйірленеді. Біреуі – ол: ы езулік дауысты. Себебі, бұл дыбысты 
айтқанда ерін жиыпылып, езу артқа қарай тартылады. Ол былай 
өрнектеледі: 
1 (у) еріндік 
2 = 
1 (ы) езулік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет