а)Нүктенің қойылу себебі ойды аяқтап, сөйлемді
тиянақтап тұр.
2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай –
хабарлы
сөйлем. Себебі, ой баяндай жеткізіліп тұр. Хабарлы
сөйлем дегеніміз – айтылу мақсаты хабарлау,
суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің
түрі.Хабарлы сөйлем интонациялық жағынан
көтеріңкі басталып, бәсеңдеп бітеді. Сөйлем соңында
жазуда нүкте қойылады.
3. Құрылысына қарай –
жай сөйлем. Себебі, бірнеше
сөзден құралып келіп тиянақты бір ғана ойды
білдіріп тұр.
4. Жай сөйлемнің түрлері.
5. Жай сөйлемнің түрлерін анықтау үшін сөйлемдегі
сөздерді сөйлем мүшелеріне қарай талдаймыз. Ол
үшін ең алдымен сөйлемнің баяндауышын табамыз.
Себебі:
а) Баяндауышсыз сөйлем болмайды.
ә) Баяндауыштың орны шартты түрде тұрақты.
б) Баяндауыш арқылы бастауышты табамыз.
в)Бастауыш пен баяндауышты қатыстыра отырып,
сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін табамыз.
Достарыңызбен бөлісу: