Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


Шығармашылық тапсырма. Жеке жұмыс



Pdf көрінісі
бет28/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Шығармашылық тапсырма. Жеке жұмыс.
1. Құлын туралы мәлімет іздейді. 
2. Құлын сөзіндегі дыбыстарды белгісіздікпен өрнектеңіз. 
3. Проблемалық сұрақ: 
Егер біздің тілімізде бір ғана тыныс белгісі қызмет ететін болса, не 
болар еді деп ойлайсыз? Ойыңызды еркін ақ параққа түсіріңіз. 
 
V. Рефлексия. 
VI. Бағалау. Өзін-өзі бағалау. 
 
VII. Үй тапсырмасы. 
1. Төрт түліктің бірімен диалог құрып келу.
2. Кез келген сөзге сөзсазындық талдау. 
3. Кез келген сөйлемге синтаксистік талдау жасау. 
Бір тапсырманы орындаған оқушы -3; 
Екі тапсырманы орындаған оқушы -4; 
Тапсырманы толық орындаған оқушы -5 баға алады. 


 
 
6-сабақ. 
 
Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен
дыбыстық мінездеме беру. У дыбысының дауысты және дауыссыз
болып айтылуы. 
Сабақтың мақсаты: 
а) Тәрбиелік: Жаңылтпаш, шағын мәтіндердің тәрбиелік мәнін түсініп, сол
арқылы салт-дәстүрлерімізді бағалауға, құндылықтарын жете түсінуге 
мүмкіндік тұғызу. 
ә) Білімділік: Дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме 
беру арқылы олардың ұқсастықтарын, айырмашылықтарын, өзіндік 
ерекшеліктерін саралап, терең түсінуге мүмкіндік тұғызу. 
б) Дамытушылық:Алынған жаңылтпаштарды, мәтіндерді негізге ала
отырып, пікірталас, ойтолғау, шығармашылық жұмыстар атқаруға жағдай 
туғызу. 
 
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту. 
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру. 
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық. 
Көрнекілігі: Тірек сызба, жаңылтпаш. 
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану. 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет