Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет25/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

VII. Бекіту. 
Үшінші кезең: Бекіту. Мақсаты: білім алушылар өтілген материал жайлы 
ойтолғайды, пікірлеседі, талқылайды осы әрекеттер арқылы ізденеді, 
зерттейді және шығармашылықпен өзіне қажетті білімді құрастырады, өз 
бағасын береді. 
Шығармашылық тапсырма. Жеке жұмыс.
1. Экрандағы суреттерді қатыстырып сөйлем құрау. 
2. Сөйлемге синтаксистік талдау жасау.( Айтылым, тыңдалым әрекеттері
арқылы).
VIII. Рефлексия: 
1. Сабақ сізге ұнады ма? 


2. Не үйрендіңіз? 
3. Не қиын болды? ..... неге? 
4. Берген бағаңыз? ... 
 
ІХ. Бағалау. Өзін-өзі бағалау. 
Х. Үй тапсырмасы. 
1. Жан жадыратар жылы сөздерді қатыстырып өлең немесе мақал-
мәтел құрастырып келу. 
2. Кез келген сөзге сөзсазындық қысқаша ықшамдау принципімен
өрнектеп талдау 
3. Кез келген сөйлемге синтаксистік талдау жасау. 
Бір тапсырманы орындаған оқушы -3; 
Екі тапсырманы орындаған оқушы -4; 
Тапсырманы толық орындаған оқушы -5 баға алады. 
 
5-сабақ. 
 
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау. 
 
Сабақтың мақсаты:
а) Тәрбиелік: Нақыл сөз, мақал-мәтелдер арқылы оқушыларды ұлттық 
құндылықтарды бағалай, құрметтей білуге, төрт түліктің маңызын жете 
түсінуге баулу. 
ә) Білімділік: Сөйлемді дұрыс құрастыру, тиісті тыныс белгісін қою және 
тиісті дауыс ырғағымен оқуға, алған білімдерін өмірде қолдана алуға 
жетелеу. 
б) Дамытушылық: Мақал-мәтелдерді негізге ала отырып, пікірталас, 
ойтолғау, шығармашылық жұмыстар атқаруға жағдай туғызу. 
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту. 
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы. 
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет