Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңыздар.
Адал бала
Келе жатыр еді жолда жас ұлан,
Екі кісі шыға келді қасынан.
Деді бірі: «Айтар болсаң өтірік,
Тиын берем бір қалтаға толтырып».
Деді бала: «Емеспін мен
кембағал,
Аға, байқап сөз сөйлеген жөн болар.
Кім сенеді жалған сөйлеп тұрғанға,
Айтыңызшы, өтірікте құн бар ма?
Өтірікті салып жүрген саудаға,
Өзіңізді жын ұрғаннан сау ма, аға?
Жалған
сөзге жалаң сөзді қосыңыз,
Жетпей жатса, қарыз берер досыңыз...»
Аппақ, адал балаға айтса алғысын
Екі кісі риза боп қалды шын.
Түйін:
Кімде
болса туралық пен адалдық,
Жалған сөзбен жолай алмас жамандық.
Хамза
1. Өлеңде не туралы айтылған?
2. Үлкендер неге балаға өтірік айт деді?
3. Бала неге ақша үшін өтірік айтпады?
4. Сол баланың орнында сіз болсаңыз не істер едіңіз?
5. Неге жалған сөйлеуге болмайды? Сіз қандай түйін түйдіңіз?
Достарыңызбен бөлісу: