Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


IV. Жаңа материалды меңгерулеріне жағдай жасау



Pdf көрінісі
бет66/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

IV. Жаңа материалды меңгерулеріне жағдай жасау. 
Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқыңыздар. 
Туған жер 
Бұл жарыққа аяқ басып туған жер, 
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер. 
Жастық - алтын, қайтып келмес күнімде 
Ойын ойнап, шыбын- шіркей қуған жер. 
Жаратылдым топырағыңнан, сен - түбім. 
Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім. 
Сенен басқа жерде маған қараңғы, 
Жарық болар Шолпан, Айым, сен - Күнім. 
Тәтті суың дәмі аузымнан еш кетпес, 
Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес. 
Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы, 
Жазу болып адамзатқа ер жетпес! 
Балақ түріп, қозы қуып, жарысып, 
Батпағыңда тең құрбымен алысып. 
Түнде - ақсүйек, алтыбақан, ал күндіз 
Үйретем деп асау тайға жабысып. 
«Адам басы - Алла добы» деген рас, 
Қалай қуса, солай кетпек сорлы бас. 
Кім біледі, мен де шетке кетермін, 
Туған жерім, сені тастап басым жас. 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 

Өлеңде не туралы айтылған? 

Ақынның айтайын деген негізгі ойы қандай? 

Ақын өлеңді қандай сезіммен жырлаған? 

Өлеңнің соңғы шумағындағы «Адам басы - Алла добы», - дегенді 
қалай түсінесіздер? Ақын онымен не айтқысы келді? 
Топтық тапсырма. (Тірек сызба үлгі ретінде интерактивті тақтада 
көрсетіледі).
1. Авторы
2. Тақырып 
3. Жанр түрі 
4. Идеясы 
 


V. Дәптермен жұмыс. 1-топ автордың өмірбаянын тірек сызбаға 
салады. (үйге тапсырма ретінде берілген) 
2-топ екінші сатысын жазады. 
3-топ үшінші сатысын жазады. 
4-топ төртінші сатысын жазады. 
Жазып болған соң, ауызша талдап, талқылайды. Топтар бірін-бірі 
бағалайды. 
 
Үлгі:
 
Туған жер 
 
1. Авторы - Мағжан Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда 
Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданының Сасықкөл 
басында туған. Әуелі ауыл молдасынан сабақ алды. Одан соң 
әкесі Бекен Мағжанды Қызылжардағы Бегішев медресесіне
оқуға береді. 1910-1913 жылдар аралығында Уфа қаласында 
«Ғалия» медресесінде оқыды. «Садақ» журналын шығарысып 
жүріп, өзінің өлеңдерін жариялайды. 1923-1926 жылдары 
Мәскеуде көркем әдебиет институында оқыды. Абай 
өлеңдерімен танысады. Арап, парсы, түрік тілдерін оқуды 
жалғастырады. Саяси жаламен 1938 жылы қайтыс 
болды. 
2.Тақырып – бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл 
шығарма.
Әдеби шығарма дегеніміз – белгілі дәуірдегі 
қоғамдық шындықтың сәулесі. Өлеңнің тақырыбы – Атамекен 
туған жердегі бақытты балалық шақ туралы. 
3.Жанр түрі – поэзия (өлең). Өлең дегеніміз – белгілі өлшеммен
қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін 
өрнекті сөз жүйесі. 
4.Идеясы – автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін
суреттегенде оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан
бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат-мүддесін, арманын 
білдіреді. Өлеңнің идеясы - туған жерге деген махаббат, 
мақтаныш және сағыныш сезімі әсерлі етіп суреттелген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет