Тапсырмалар төмендегі нұсқада болуы мүмкін:
1. Тұманбай Молдағалиевтың «Құстар әні» өлеңін поэзиялық
талдау жасаңыздар.
Құстар әні
Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.
Зымырайды менің бала кезімдей,
Бір жалт етіп өте шыққан сезімдей.
Біздің жаққа үйренісіп кеткен бе,
Көңілді ән сап келіп еді көктемде.
Өскен жерін қимай кетіп барады,
Өскен жерге сыймай кетіп барады.
Құстар, құстар, сызылтып ән салады,
Сол әнімен тербетеді ауаны.
Ал адамдар күліп бастап өмірді,
Кетерінде жылай да алмай қалады.
2. Мағжан Жұмабаевтың «Жазғы таң» өлеңін поэзиялық талдау
жасаңыздар.
Жазғы таң
Жып-жылы түн маужырап,
Көтерілген жерден бу.
Саф күмістей жалтырап
Тыныш жатқан тұнық су.
Көкке тиген биік тау
Құшақтасқан тұманмен,
Қосылысып есен-сау,
Бал алысқан құмармен.
Ақырын ескен жылы жел
Маужыратып, тербетіп,
Таң атсын деп жайнап гүл -
Өсіп балам ер жетіп.
Достарыңызбен бөлісу: