Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


Бағдаршам көздері жол тәртібін реттеп тұрады. Біз де, өмірде өзімізді



Pdf көрінісі
бет69/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   197
Бағдаршам көздері жол тәртібін реттеп тұрады. Біз де, өмірде өзімізді 
реттей білуіміз және тәртіпке бағына білуіміз қажет. Сонда біліміміз 
мол, өміріміз көңілді болады. 
Олай болса, бүгінгі күндеріңізге сәттілік тілеймін! 
Бағдаршам түстері бойынша үш топқа бөліну. 
(Топтық бағалағанда бағдаршам көздерімен бағалайды. Жасыл түс-5; сары-
4; қызыл-3) 
 
II. Өтілген тақырыптарды пысықтау, зерделеу. 
Топтық тапсырма. (Толық жазылым, айтылым және тыңдалым 
әрекеттері жүзеге асырылады). Партаның үстінде тапсырмалар жазылған 
үш конверт тұр. Әр топтан бір оқушы шығып сұрақтарды алады. «Кім 
жүйрік?» ойыны.
Үш топқа бірдей бағдаршамның қызыл көзін көтеру. Тапсырманы 
орындауға кіріседі. Сары түсті көтергенде жауап беруге дайындаламыз 
дегенді білдіреді. Жасыл түсті көтергенде жол ашық, кезекпен топтар 
қорғайды. Топтар бір-бірінің жауабын (талдауын) тыңдап, баға береді
қателік жіберсе түзетеді. 


Тапсырмалар төмендегі нұсқада болуы мүмкін: 
1. Тұманбай Молдағалиевтың «Құстар әні» өлеңін поэзиялық 
талдау жасаңыздар. 
Құстар әні 
Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып, 
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып. 
Зымырайды менің бала кезімдей, 
Бір жалт етіп өте шыққан сезімдей. 
Біздің жаққа үйренісіп кеткен бе, 
Көңілді ән сап келіп еді көктемде. 
Өскен жерін қимай кетіп барады, 
Өскен жерге сыймай кетіп барады. 
Құстар, құстар, сызылтып ән салады
Сол әнімен тербетеді ауаны. 
Ал адамдар күліп бастап өмірді, 
Кетерінде жылай да алмай қалады. 
 
2. Мағжан Жұмабаевтың «Жазғы таң» өлеңін поэзиялық талдау
жасаңыздар. 
 
Жазғы таң 
Жып-жылы түн маужырап, 
Көтерілген жерден бу. 
Саф күмістей жалтырап 
Тыныш жатқан тұнық су. 
Көкке тиген биік тау 
Құшақтасқан тұманмен, 
Қосылысып есен-сау, 
Бал алысқан құмармен. 
Ақырын ескен жылы жел 
Маужыратып, тербетіп, 
Таң атсын деп жайнап гүл - 
Өсіп балам ер жетіп. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет