VI. Сергіту сәті.
Мынау - менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау - басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау - менің оң қолым,
Мынау - менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Жұптық жұмыс. «Мейірімді ана» тақырыбына өлең құрап жазыңыздар.
Өлеңді поэзиялық талдаңыздар.(Жазылым, айтылым, тыңдалым әрекеттері
жүзеге асырылады. Жұптар диалог құру арқылы талдап береді. Бірін-бірі
бағалайды).
Мысалы:
Мейірімді ана,
Жүрегің кең, дархан дала.
.........................................
Жеке жұмыс. Шығармашылық тапсырма. (Дарынды және талантты
балалар).
Тапсырма. Сіз алыста анаңыздан жырақ жерде жүрсіз. Сөзсіз анаңызды
сағынасыз. Сол сәтте сағынышыңызды хат арқылы анаңызға қалай
жеткізесіз? Жазылмаған ақ параққа «Анама хат» тақырыбында хат
жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: