Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет81/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

ІІ. Cабақтың барысы. 
Бірінші кезең: Өткен материалдарды еске түсіру. Мақсаты: алған 
білімдерін тапсырмалар орындауда пайдалана отырып, жүйелейді. 
Тапсырма:Екі топ өз аттарына байланысты мақал-мәтел құрап 
жазады.Мақалдың мағынасын ашып, ойтолғайды. 
Ребус шешіп көрейік! 
Парта,,,, орындық,,,,,,экскаватор,,,,,,,,, З ,,,тақия (Поэзия) 
,,,,
,,,,,,
,,,,,,,,,
З
,,,
 
 
Поэзиялық талдау бойынша сұрақ-жауап өткізу. (Ұжымдық) 
Мұғалім сұрақ қойып допты оқушыға лақтырады, ал допты іліп 
алған оқушы сұраққа жауап беріп, допты басқа оқушыға сұрақ қоя отырып 
лақтырады. Сұрақтар өлеңді поэзиялық талдаудың сатылары бойынша 
қойылады. Сұрақ поэзиялық талдаудың ретін сақтай отырып қойылу тиіс. 
Мақсаты: оқушының есте сақтау қабілетін, жадын дамуына жағдай жасай 
отырып, материалды қалай меңгергендігін анықтау. (Мысалы: Тақырып 
дегеніміз не? Жанр түрі дегеніміз не? .........). 
Екінші кезең: Мақсаты:алған білімдерін, түсінгендерін зерделеу. 


«Мен жақсы көрген түс» ойыны. Топтық жұмыс. Ағашта әртүрлі түсті 
жапырақтар ілулі тұр. Екі топтан бір оқушыдан шығып, ілулі тұрған 
жапырақтың біреуін ғана алады. Жапырақтың астыңғы жағында тапсырма 
бар.(Өтілген ақын-жазушылардың өлеңдерінің тақырыбы берілген. Сол 
өлеңді толық поэзиялық талдап береді. Жазылым, айтылым және 
тыңдалым әрекеттері жүзеге асырылады. 1-топ «Тірек сызба» ойыны 
арқылы, 2-топ «Жалғастыр» ойыны арқылы қорғайды. Топтар бірін-бірі 
бағалайды. Алған ұпайлары тақтаға жазылады). 
«Кім жүйрік?» ойыны. «Ғылым таппай, мақтанба» және «Кел, балалар, 
оқылық!» өлеңдерінің авторлары кімдер? 
 Өлеңді қай топ бірінші естеріне түсіріп жатқа жазады? 
Тапсырма. 
1-топ «Ғылым таппай, мақтанба», ал 2-топ «Кел, балалар, оқылық» 
өлеңіне поэзиялық талдап жазады. (Жазылым, айтылым және тыңдалым 
әрекеттері жүзеге асырылады. Топтасып талдап жазады). 
Қорғаған сәтте әр топтан екеуден жұптасып, түрлі ұлттық ойындар арқылы 
талдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет