ІІ. Бірінші кезең: Өткен материалдарды еске түсіру. Мақсаты: жаңа
білімді бұрынғы біліммен байланыстыра отырып, өтілетін материалды
жеңіл, ұғынықты баяндауға баулу. Тірек тапсырма:Білім алушылардың
үйге берілген жаңа сабаққа негіз болатын тапсырмалармен жұмыс.
Тілдесім әрекеті бойынша диалог (үйренуші-үйренуші) құру, ( жұппен).
І топ. Әріптер арасынан ақынның есімін тап. Автор туралы айт.
ІІ топ. Нақыл сөздің жалғасын тап. Өлеңнің идеясы.
ІІІ топ. Артық тұлғаны тап. Өлеңнің түйіні.
ІІІ. Екінші кезең: Жаңа білімді меңгеру. Мақсаты:дербес тұрғыда
әрекеттер іске асады.
– Балалар, жаңа тарауға өтпес бұрын, бәріміз бейнетаспаға назар
аударайық. Мұқият қарап, тыңдайық.
– Бұл кім?
– Бұл біздің сыныптағы Маратбеков Мирас. Мирастың балалық шағы
туралы бейнетаспа екен.
Бүгінгі сабақта біз «Балалық шаққа саяхат» тарауын Б. Соқпақбаевтың
«Менің атым Қожа » повесінен үзіндіден бастағалы отырмыз.
Бүгінгі сабақта не жайлы өтеміз, жаңа сабаққа мақсат құра аламыз ба?
Слайд көрсету: Б. Соқпақбаев және «Менің атым Қожа» повесть, фильм жайлы мағлұмат
беру.( Керекті деректі оқушылар дәптерлеріне жазып алады).
Мәтінді оқу ( мұғалім оқиды).
Мәтінді оқушылар іштеріннен оқиды. Талдайды.
Менің атым Қожа 1.Авторы. Бердібек Соқпақбаев
2.Тақырып – белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындық,
өмірдегі болмыс-бітім автор ойының қазығы. Бұл
әңгіменің тақырыбы – Қожаның балалық шағы мен ауыл
өмірі көріністері.
3.Жанр түрі – повесть. Повестің жанрлық ерекшелігі
көлемінде емес, мазмұнының тереңдігінде.
4.Идеясы – автор тақырып арқылы шындық өмір
көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз
дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз
мақсат, мүддесін, арманын білдіреді. Идеясы –