б) Дамытушылық: топтық, жұптық және
жеке жұмыс жасау арқылы
іскерлік қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызу.
Сабақтың түрі: Іскерлік дағдыларын қалыптастыру сабағы.
Сабақтың технологиясы: «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы.
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық.
Көрнекілігі: Ребус, тірек сызба,түрлі түсті жапырақтар,бағалау парағы.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі.
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта.
Сабақтың кезеңдері:
I.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату.
Шаттық шеңберін құрып:
«Жүректен жүрекке»
Қол ұстасып тұрайық,
Достық әнге салайық.
Бірге біліп, үйреніп,
Білімді ұрпақ болайық!
Сабаққа бағыттау.
-
Балалар, білімді адам болу үшін адам бойынан қандай қасиеттер
табылуы тиіс деп ойлайсыздар?
-
Олай болса, сол қасиеттердің ең қажетті екеуін таңдап алып, сол
арқылы екі топқа топтасыңыздар.Сыныпты екі топқа бөлу.
Достарыңызбен бөлісу: