Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет88/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

6. Шығарманың мазмұндық жоспары. 
1. Баланың қаладан келуі. 
2. Әкесіне айтқан сылтауы. 
3. Есіне түсуі. 
Жоспар бойынша мазмұндату. 
7.Түсіндірме сөздік
Тырнауыш – шөп жинайтын еңбек құралы. 
Ү. Сабақты қорыту. 
Мәтіннен қандай қорытынды жасайсыздар? 
Менің ойымша бұл мәтіннен еңбекқор болуды, үлкендерді тыңдауды, 
оларға көмек беруді, өтірік айтпауды үйрендім. 
Өтірік өрге баспайды. Өтірікшінің шын сөзі зая. 
ҮІ. Бағалау. 
ҮІІ. Үйге тапсырма. «Оқымысты бала» әңгімесін оқу, мазмұндау. 
Шығармашылық тапсырмалар. 
 
 
 
9-сабақ.
 
Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев. Менің атым Қожа. 
 
Сабақтың мақсаты:
а) Тәрбиелік: Оқушыларды топтарда өз әрекеттерін жоспарлауға, топ 
ішінде талдап, дұрыс шешім қабылдауға, бір-бірінің пікірін тыңдауға, 
санасуға шығармашылық атмосфера қалыптастыруға бағыттау. 
ә) Білімділік: Әңгіменің негізгі ойын анықтай отырып, Қожа бейнесіне 
талдау жасау арқылы өз ойын жүйелі жеткізе білуге ауызша және жазбаша 
ой тұжырымдауға жағдай жасау. 
б) Дамытушылық: Оқушылардың өз ойын тиянақтап, оны дәлелді түрде 
жеткізуге, тақырып бойынша өз өмірінен мысалдар келтіруге,белгілі бір 
көзқарасты ұстанып, оны дәлелдей білуге, өзіндік пікір айтуға мүмкіндік 
туғызу. 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ 
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту. 
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, ұжымдық. 
Көрнекілігі: Бейне таспа, дидактикалық тапсырмалар, слайд. 
Пәнаралық байланыс: Дүниетану. 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер. 
 
Сабақтың кезеңдері: 


І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау. 
Оқушылар бір-біріне қарап, жақсы тілек жолдайды. 
Топқа бөлу ( жасырын жазылған сандар бойынша үш топқа бөлінеді). 
Психологиялық дайындық ( әр топқа шар таратылып беріледі, шардың 
ішінде әріптер бар. Сол әріптер арқылы сабақтың мақсатын қояды). 
Ана тілің арың бұл, 
Ұятың боп тұр бетте. 
Өзге тілдің бәрін біл, 
Өз тіліңді құрметте. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет