Сабақтың тақырыбы: Өнердің құны (түрік тілінен аударған Сәуле
Дағайқызы).
Сабақтың мақсаты:
а) Тәрбиелік: Қазақтың қолөнерін бағалауға, өнерді үйренуге бағыттау.
ә) Білімділік: Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру арқылы адам
бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді анықтауға жағдай жасау.
б) Дамытушылық: Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыра отырып өзіндік
пікір айтуға мүмкіндік туғызу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту.
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, ұжымдық.
Көрнекілігі: Қолөнер туындылары, қолөнер шеберлерінің суреттері.
Пәнаралық байланыс: Тарих,
сурет.
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер.
Сабақтың кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау.
Оқушылар бір-біріне қарап, жақсы тілек жолдайды.
1,2,3,4 деп саналып төрт топқа бөліну.
ІІ. Жаңа білімді меңгеруге дайындық.
Өнер дегенді қалай түсінесіздер? (топтастыру).
Өзіңіз қандай өнерді меңгергіңіз келеді ? (ой бөлісу).
Өнерді меңгеру дегеніміз – оқу. Ендеше, адам өмір бойы оқуы керек. Ал
оқу не үшін керек деп ойлайсыздар? (ойларын тыңдау).
Хан, ұл, қыз, қарақшылар, тор бейнелері бар суреттер тақтаға ілінеді.
(суреттер бойынша әр топ шағын әңгіме құрайды).
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру:
а) Түсіндірме сөздік.
Қарақшылар бекеті – тонаушылардың жасырынатын орны.
Зындан- жерден қазып жасалған қамау орны.
ә)
Мәтінмен жұмыс.
Бөліктерге бөліп оқиды, сұрақ қояды ( жеке, жұппен).
1. Патша ұлының ғашық болуы .
2. Қойшы қызының талабы.
3. Патша ұлының өнер үйренуі.
4.Патша ұлының қарақшылардың қолына түсуі.
б) Әр бөлік бойынша ортақ қорытындыға келу ( топпен).
Достарыңызбен бөлісу: