Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет172/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   677
ӘДЕБИ  СЫЙЛЫҚТАР  -  үздік  әдеби  шығармалары  үшін  қаламгерлерге  көрсетілетін  құрмет, 
беріліп тұратын марапат, көтермелеу сыйлықтары. Әлемде Ә. с-дың түрі көп. Олардың ішіндегі ең 
танымалысы  Нобель  сыйлығы.  Кеңес  Одағында  берілетін  Ә-дың  ең  жоғарғы  түрі  -  Лениндік 
сыйлық болды. Ол алғаш 1925 ж. В.И. Ленин  атынд. сыйлық ретінде белгіленді. 1935 - 57 ж. 
аралығында берілген жоқ. 1956 ж. қайта тағайындалды. Қазақ ақын, жазушылардың ішінде бұл 
сыйлыққа ие болған бірден-бір қаламгер М.Әуезов (1959 ж. "Абай жолы" эпопеясы үшін). Онан 
кейінгі  мәртебелі  сыйлық  КСРО  Мемл.  сыйл.  болды.  КСРО  Халком-кеңесінің  1939  ж.  20 
желтоқсандағы қаулысымен белгіленген бүл сый-лық 1941 - 52 ж. Сталиндік сыйлық деп аталып 
келген. 1966 ж. КСРО Мемл. сыйл. болып белгіленді. Ол жыл сайын Қазан төңкерісі мерекесі күні 
беріліп түрды. Сталиндік сыйлықтың ең алғашқы лауреаттарының бірі Ж.Жабаев (1941), "Абай" 
романының алғашқы екі кітабы үшін 1949 ж. М.Әуезов 1-дәрежелі Сталиндік сыйлыққа ие болды. 
КСРО Мемл. сыйл. алған Қазақ жазушылары Ә.Нұрпейісов (1974, "Қан мен тер" романы үшін), 
Ж.Молдағалиев(1978."Қырандала",  "Сел"  поэмалары  үшін).  Әдебиет  саласындағы  үздік 
шығармаларға 2 жылда бір рет берілетін Қазақстан Мемл. сыйл. Казақстан КП ОК мен ҚазКСР 
Мин.  Кеңесінің  бірлескен  шешімімен  1965  жылғы  15  наурызда  тағайындалған.  (қ.  Қазақстан 
Мемлекеттік  сыйлығы),  Отандық  жазушыларды  үздік  шығармалар  жасауға  ынталандыру 
мақсатында Қазақстан Жазушылар одағы 1992 ж. халықар. "Алаш" сыйлығын тағайындады. Ол 
баспадан жарық көрген жаңа туындылардың үздік деп табылғандарына екі жылда бір рет беріліп 
тұрады.  Әр  жылдары  Қазақстан  Жазушылар  одағының  жыл  сайын  үздік  шығармаларды 
марапаттап  отырған  М.Әуезов,  С.Сейфуллин,  І.Жансүгіров,  Б.Майлин,  С.Мұқанов, 
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Мақатаев, т.б. атынд. сыйлықтары болған. Сондай-ақ Кеңес Одағы 
кезінде  жас  әдебиетшілерге  үздік  шығармалары  үшін  Бүкілодақтық  Ленин  комсомолы, 


Қазақстан  Комсомолы  сыйлығы  беріліп  тұрған.  Қазақстан  дербес  мемлекетке  айналған  соң, 
жас  таланттарды  ынталандыру  мақсатында  мемлекеттік  "Дарын"  сыйлығы,  сондай-ақ 
Қазақстан  Жастар  Одағының  сыйлығы  тағайындалды.  2000  жылдан  отандық  жазушыларға 
айрықша  табысы,  әдебиетгі  дамытуға  қосқан  үлесі  және  үміт  күттірер  сәтті  қадамы  үшін 
Қазақстан меценаттар клубының үш деңгейлі "Тарлан" сыйлығы беріліп келеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет