Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет177/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   677
ӘДЕБИЕТ  ТАРИХЫ-  әдебиеттің  даму  процесін,  ұлттық  әдебиеттің  өткен  кезеңдері  мен 
жекелеген ақын, жазушылардың шығармашылығын зерттейтін әдебиеттану ғылымының негізгі бір 
саласы. Қазақ әдебиеті тарихын зерттеу ісі 19 ғ-да Ш.Уәлиханов еңбектерінен бастау алады. Оның 
"Қазақ  халық  поэзиясының  түрлері"  атты  зерттеуінде  қазақ  ауыз  әдебиетімен  қатар  Жанақ, 
Шөже,  Орынбай  сияқты  эпик.ақындар  жайлы  ғыл.  ой-пікірлер  айтылды. 19 ғ-да қазақ әдебиетін 
зерттеген В.В. Радлов, П.М. Мелиоранский, А.Е. Алекторов, Н.И.Иляьминский, Г.Н. Потанин, т.б. 
орыс ғалымдарының,  поляк  революционері  А. Янушкевичтің еңбектері таныстыру сипатымен 
ерекшеленгенімен, олардың кззақ поэзиясын өте жоғары бағалаған құндылығымен мәні зор. Казақ 
ақындарының шығармалары 19 ғ-дың 70-жылдарынан жариялана бастаған. Бұл үрдіс 20 ғ-дың бас 
кезінде қарыштап дамып, ұлттық поэзия мен прозаның озық үлгілері бірнеше рет жеке кітап болып 
басылды. Мұның өзі қазақ әдебиеті тарихын зерттеуісіне үлкен серпін берді. Көрнекті мемл. және 
қоғам  қайраткері  Ә.Бөкейханов  "Россия"  атты  көптомдықтың  қазақ  тарихына  арналған 
18-томының  (1903)  "Население"  деп  аталған  2-бөлімін  жазуға  қатысып,  қазақ  мәдениеті  туралы 
тарауда  Шортанбай,  Ноғайбай  сияқты  жеке  ақындарға  токталды,  Абайдың  ақындық  талантына 
жоғары  баға  беріп,  оны  қазақтың  жаңа  әдебиетінің  көшбасшысы  деп  атады,  Абайды  көзі  тірі 
кезінде-ақ тұңғыш рет орыс оқырмандарына таныстырады, ұлы ақын шығарм-ғы туралы көлемді 
мақала  жазып,  1905  ж.  "Семипалатинский  листок"  газетінде  жариялады.  Бүл  Абай  өмірбаяны 
туралы  ұлттық  әдебиеттанудағы  тұңғыш  ғыл.  мақала  және  жеке  ақын  шығармашылығы  жайлы 
тұңғыш зертгеу мақалаболды. Одан кейін ұлы ақын туралы 1913 ж. А.Байтұрсынов   "Қазақтың бас 
ақыны" атты көлемді мақаласын, 1914 ж.  М.Дулатов "Абай" деген мақаласын " Қазақ" газетінде 
жариялады.  Бөкейханов  сонымен  бірге  1915  ж.  "Қазақ"  газетінде  Шәкерімнің  "Қалқаман-Мамыр" 
дастанын талдаған сын мақаласын және" Роман бәйгесі" мақаласын жариялады. С.Торайғыровтың 
1913 ж. "Айқап" журналында жарияланған "Өлең һәм айтушылар", "Қазақ тіліндегі өлең кітаптары 
жайынан" деген мақаларында қазақ өлеңінің табиғаты, жалпы әдебиег туралы, Абай, Байтұрсынов, 
Дулатов  шығармаларына  байланысты  құнды  ой-пікірлер  түйінделген.  1923  -  24  ж.  М.Жұмабаев 
"Сана"  журналында"  Ақан  сері"  мақаласын  жариялап,  әнші-ақын  туралы  алғаш  рет  толыққанды 
зерттеу  жүргізсе,  1923  ж.  Ж.Аймауытов  "Лениншіл  жас"  журналында  "Мағжанның  ақындығы 
туралы" атты зерттеуін жариялап, ақын поэзиясына жан-жақты ғыл. талдау жасау негізінде оның 
қазақ  әдебиетіне  әкелген жаңалығын,  суреткерлік  ерекшеліктерін ашып көрсетті.  Белгілі  ғалым, 
қоғам қайраткері Х.Досмұхамедұлы да Әт-н зерттеу ісіне қомақты үлес қосып, "Исатай-Махамбет" 
атты кітапқа (1925) жазған алғы сөзінде Махамбет Өтемісұлы, өзі құрастырған "Мұрат ақынның 
сөздері"  деген  кітабындағы  (1924)  мақаласында  Мұрат  Мөңкеұлы  шығармаларын  терең  ғыл. 
білгірлікпен талдады. М.Әуезовтің 1927 ж. жарық көрген "Әдебиет тарихы" атты оқулық кітабы 
қазақ  әдебиетінің  тарихын  зерттеудегі  үлкен  бетбұрыс  болды.  Әуезов  қолда  бар  деректер  мен 
мәліметтерді сол жылдардағы әдебиет ғылымының даму дәрежесі деңгейінен өзінше саралап, қазақ 
әдебиеті тарихының ғыл. тұрғыдағы алғашқы негізін салды, ауыз әдебиетін жүйелеумен қатар "Зар 
заман ақындары" деген атпен белгілі 18 - 19 ғ-лардағы қазақ әдебиетінің ірі өкілдері шығарм-ғына 
талдау  жасап,  "Қазақ  әдебиетінің  қазіргі  дәуірі"  атты  тарауда  Абайдан  кейінгі  20  ғ.  басындағы 
әдебиетке тарихи-әдеби сипаттама берді. Бұл Ә. т-н ғыл. жүйеге түсіруге ықпалын тигізді. 1932 ж. 
С.Сейфуллитің "Қазақ әдебиеті" (1-бөлім); С.Мұқановтыц "XX ғасырдағы қазақ әдебиеті", 1933 ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет