ӘДЕБИ СЫН Көркем әдеби сын - әдебиеттану ғылымының бір саласы, көркем шығарманы
бүгінгі әдеби процес аясында талдап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-публицистикалық,
ғылыми-эстететикалық шығармашылық түрі. Ә. с. әдебиет теориясы, әдебиеттіц тарихы жеткен жетістіктерге негізделеді. Ә. с. жазба әдебиеттің, ғылымның дамуымен тікелей
байланысты. Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, Абай Құнанбайұлының әдебиетке
катысты айтқан пікірлері қазіргі қазақ Ә. с-ның бастаулары іспеттес. Кейін "Түркістан уәлаятының газеті", "Дала уәлаятының газеті" бетінде әдебиетке қатысты материалдардың
басылуы Ә. с-ның тарихындағы жаңа кезеңнің басы болды. Әсіресе, "Айқап" журналы мен
"Қазақ" газеті беттерінде жаңа кітаптардың шығуы туралы хабарлар, жекелеген жазушыларға
арнаған ғұмырнамалық мақалалар, әдеби шолулар жиі жарияланды. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, т.б. қазақ әдебиеті жайлы құнарлы пікір айтты.
20ғ-дың 20-жылдары қазақ әдебиеті қандай бағытта дамуы керектігі, көрнекті әдебиет
қайраткерлері туралы қызу пікірталастар болды. Әсіресе Абай, М.Жұмабаев шығарм-тары
туралы айтыстар Ә. с-ның ортақ мәселелеріне айналды. Байтұрсыновтың "Әдебиет
танытқыш" (1928), У.Тогжановтың " Мағжанның ақындығы мен Жүсіпбектің сыны" (1926),
"Әдебиет және сын мәселелері" (1929) сияқты еңбектер қазақ Ә. с-ның жаңа биіктерге бет
алғанын байқатты. Ұлттық әдебиетіміздің түрлі мәселелері хақында С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, І.Жансүгіров, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, С.Қожанов, Ы.Мұстанбаев, Х.Досмұхамедов, С.Сәдуақасов, К.Кемеңгеров, Ә.Байділдин, Х.Жүсіпбеков, Е.Бекенов, Ш.Тоқжігітов, Б.Кенжебаев, т.б. өз ойларын ортаға салып, әдеби өмірде белсенділік
танытты. Бұл кезенде көркем шығармаларды бағалауда партиялық принцип негізгі өлшем
ретінде танылып, әлеум. тұрпайы сындар өріс алды. Мұндай сындар әсіресе ҚазАПП-тың
(Қазақстан пролетариат жазушыларының ассоциациясы) тұсында барынша ушыға түсті.
20ғ-дың 30-жылдары Ә. с-ның аннотация, рецензия, мақала, айтыс мақала, шолу, шығарм.
портрет сияқты түрлері баспасөз бетінде жиі көрініп, жанр ретінде қалыптасты. Әдебиеттің
тарихына, теориясына қатысты іргелі еңбектер жазылып, сынның ғыл. сипаты арта түсті.
Тоғжанов, Кенжебаев, Қ.Өтепов, І.Қабылов, Р.Жаманқұлов, Ә.Қоңыратбаев, О.Қуанышев,
Ж.Сәрсеков, Е.Ысмайылов, М.Қаратаев сияқты сыншылар танымал болды. Сейфуллиннің
"Қазақ әдебиеті" (1932), Тоғжановтың "Абай" (1932), Қ.Жұмалиевтің"Әдебиет теориясы"
(1938), Ысмайыловтың" Әдебиет теориясының негіздері" (1940) сияқты оқулық, сын-зерттеу
кітаптары әдеби ой-пікірдің өресін биіктеткен елеулі еңбектер болды. Бұларда ауыз әдебиетін,
әдеби мұраны игеру саласында батыл қадамдар жасалды. Соғыстан соң Ә. с-ның көкжиегі
кеңіп, әдеби ой-толғамдардың ғыл. негізділігі арта түскенімен де, әдебиеттің партиялық
принципі барынша қадағаланып отырды. Көркем әдебиетте, Ә. с. саласында саяси
қырағылықгы күшейту мақсатына жүргізілген істердің барысында бірсыпыра қаламгерлер
қуғынға ұшырады. Тоқырауға ұшыраған қазақ Ә. с-ы 1955 жылдан кең арнаға түсе бастады.
Ысмайылов, Жұмалиев,
Т.Нұртазин, А.Нұрқанов, Қ.Нұрмаханов, М.Ғабдуллин, С.Қирабаев, Р.Бердібаев, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, Б.Сахариев тәрізді сыншылар қазақ Ә. с-ын жаңа биіктерге көтерді. 20 ғ-дың
60-жылдары көптомдық қазақ әдебиетінің тарихын жасаумен бірге әдебиеттің теориялық
мәселелерін тереңдеп зерттеген монограф. еңбектер, сын мақалалар жинақтары жарық көрді.
А.Сүлейменов, З.Серікқалиев, Р.Нұрғалиев.т.б. сыншылар Ә. с-ды жаңа қырынан дамытты. 20
ғ-дың 70-жылдарынан Ә с-ның дамуына мол мүмкіндіктер жасалынды. Газет-журнал
бетгерінен сын бөлімі тұрақты орын алды. "Уақыт және кзламгер", "Сөзстан" сын мақалалар
жинақтары тұрақты шығып тұрды. С.Әшімбаев, Б.Сарбалаев, А.Егеубаев, С.Жұмабаев,
Б.Майтанов, Қ.Ергөбеков, Ә.Бөпежанова, Ә.Меңдеке, Т.Шапай, т.б. елеулі үлес қосты.
Сыншылар еңбегі мемлекеттік түрғыдан жоғары бағаланып, түрлі сыйлықтарға ие бола
бастады. Қаратаев "Асулар алда" монографиясы үшін (1973), Нұрғалиев "Айдын", "Телағыс",
"Қазақ революциялық поэзиясы" трилогиясы үшін (1988), Серікқалиев "Алтын жамбы" кітабы
үшін (2002) Қазақстанның мемл. сыйлығын алды. Әшімбаев, Егеубаев, Шапай Қазақстан
Комсомол сыйлығын иеленді. 20 ғ-дың 80-жылдарының соңына қарай елімізде басталған
түбірлі бетбұрыстар қазақ Ә. с-на да тың серпіліс әкелді. Саяси. шығарм. қызметтері ақталған
М.Жұмабаевтың, А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың т.б. әдеби мұраларын қайта бағалауда
Ә. с. қыруар қызмет жасады. Кезінде жүргізілген солақай саясаттың салдарынан
әдебиетіміздің тарихында орын алған "ақтаңдақтарды" жоюда. егеменді еліміздегі бүгінгі
әдеби процесті талдау ісінде Ә. с. ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруға бет бұрды.