Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет174/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   677
ӘДЕБИ  ТІЛ  -  жалпыхалықтық  тілдің  аясында  түзілген,  екшелген,  белгілі  бір  қалыпқа 
түсірілген,  сөздік  құрамы,  емлелік  бітімі,  грамматикалық  тұлғалары  айқындалған,  халықгың 
сан-салалы  мәдени  қажеттілігін  өтеуге  қабілетті  тіл.  Ә.  т.  -көркем  әдебиеттің,  ғылымның, 
білімнің,  бұқаралық  ақпарат  құралдарының,  ресми,  іскерлік,  т.б.  қарым-қатынастардың 
құралы.  Соған  сай  ол  көркем  әдебиет  тілі,  ғылыми  тіл,  ресми  іс  қағаздары  тілі,  т.б.  болып 
бөлінеді. Ә. т-дің шарты -жалпыға бірдей түсініктілік. Ә. т-дің екі түрі бар: жазба тіл және 
сөйлеу  тілі.  Қалыптасқан  түсінік  бойынша  Ә.  т-дің  түзілуі  жазба  әдебиетгің  өркендеуіне 
байланысты.  Өйткені  жалпыға  ортақ  тіл  өлшемдерінің  таңбаланып  сақталуы,  тұрақталып 
қалуы  негізінен  жазу-сызу  арқылы  жүзеге  асады  деп  саналады.  Бұл  тұжырыммен  келісе 
отырып, әрбір ұлттың Ә. т-дің даму жолы әр қалай өтетіндігін ескеру қажет. Ертістен Еділге 
дейінгі  аралықтағы  байтақ  өлкеге  шашырай  қоныстанған  халықтың  баршасына  бірдей 
түсінікті,  баршасына  бірдей  танымал  болған  қазақ  Ә.  т.  өзіндік  жолмен,  яғни  сөйлеу  тілі 
арқылы  түзілгені  ақиқат.  Ә.  т.  -  үнемі  түрленіп,  толығып,  қолданылу  ыңғайына  қоғамдық 
қажетгілікке сай сараланып отыратын, үздіксіз даму үстіндегі құбылыс.   
 
ӘДЕБИЕТ (араб. адаб - сөз, үлгілі сөз деген мағынада) - өнердің негізгі бір түрі сөз өнерінің 
ғылыми атауы. Қазақ әдебиеттану ғылымында 20 ғ-дың 20-жылдарынан бері "литература" (лат. 
litteratura - жазылған) терминінің баламасы ретінде қолданылып келеді. А.Байтұрсынов өзінің 
"Әдебиет танытқышында" Ә-ке: "Нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп 
айту өнері. Бұл сөз өнері болады. Қазақша - асыл сөз, арабша - әдебиет, еуропаша - литература" 
- деген анықтама береді. Еуропада "литература" термині кітап басу ісі өркендеген 18 ғасырдан 
бергі кезеңде ғана айтыла бастаған. Қазіргі уақытта Ә. терминінің колданылу аясы кең, жалпы 
жазба  мәдениет  туындыларына  қатысты  да  айтылады.  Мыс.,  ғыл.  Ә..  техникалық  Ә.. 
анықгамалық  Ә..  Т.С.С..  бірақ  Ә  терминінің  сөз  өнері  яғни  көркем  Ә.  ретіндегі  мағынасы 
басымырақ.  Ә-тің  бастау  көзі  -  халықтың  сонау  ерте  дәуірлерде  шығарған  өлең-жырлары, 
мақал-мәтелдері,  нақыл  сөздері,  аңыз-ертегілері.  Халық  ауыз  әдебиетінің  таңдаулы 
туындылары, озық дәстүрлері, сол ұлттық кәсіби жазба әдебиеті қалыптасып, өркендегенде де 
өзінің құнын жоймайды. Көркем Ә-тің өсіп-өркендеуі - тарихи процесс. Қоғамның дамуына 
халықтың  мүддесіне,  тілек-талаптарына  сай  Ә.  те  өзгеріп,  дамып  отырады.  Ә.  қоғамдық 
ой-сананың  басқа  салаларымен  де  сабақтасып,  халықтың  дүниетанымы  (философия), 
адамгершілік  ұғым-түсініктері,  наным-сенімі,  эстет.  түсініктері  -  бәрі-бәрімен  жалғасып 
жатады. Сонымен бірге Ә-тің дамуы - сөз өнерінің өз заңдылықтарымен, саяси ой-пікірлердің 
өріс алуы, халыққа білім беру, ағарту ісінің, баспасөздің өсу дәрежесі, ұлттық дәстүрлер мен 
халықтың  көркемдік  ойлау,  сөз  қолдану,  тіл  ұстарту  ерекшеліктерімен  тығыз  байланысты 
болады. Жазба әдебиетінің қазақ топырағында жаңаша үлгіде өркендеп кемеліне келген тұсы 
- Абайдың әдеби шығармашылығы. Абайдың көркемдік дәстүрлері 20 ғ-дың бас кезінде қазақ 
әдебиетінде  Шәкерім  Құдайбердіұлы,  Ахмет  Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов,  Мағжан 
Жұмабаевтың  шығармашылығында  жалғасты.  Қазақ  әдебиетінде  поэзия,  көркем  проза, 
драматургия катар өрістеп, жазба әдебиетінде көптеген жана жанрлық түрлер, үлгілер калыптасып 
дамыды. Бұларға қоса публщистика, көркем аударма әдеби сын да қанат жайьш, әдеби процестің 
ауқымын кеңейте түсті; қ Қазақ әдебиеті  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет