Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет183/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   677
ӘДІБАЕВ  Хасен  (6.8.1924  ж.т..  Шығ.  Қазақстан  обл.  Шұбартау  ауд.  Қосағаш  а.)  -  жазушы, 
ғалым,  филол.  ғыл.  докт.  (1970).  проф.  (1973).  Қазақстанның  еңб.  сің.  жоғары  мектеп 
қызметкері.  2-дүниежүз.  соғысқа  қатысқан.  ҚазҰУ-ды  (1955),  ҚазҰПУ-дың  аспирантурасын 
(1959) бітірген. 20 ғ-дың 50-жылдардан бастап әдеби сын, әдебиеттану ғылымы, көркем проза 
саласында ат салысып келеді. "Уақыт және суреткер" (1967), "Талант, талғам, тағдыр" (1971), 
"Көкжиек"  (1978)атты  сын-зерт.  кітаптары  қазақ  әдебиетінің  келелі  мәселелеріне,  көрнеюі 
қаламгерлердің  шығарм-тарын  саралауға  арналған.  Оның  "Таңбалы  адам"  (жинақ.  1975), 
"Отырар  ойраны"  (роман,  1986)  "Әупілдек"  (1987)  повестер  мен әңгімелер жинағы  жарық 
көрген. Орыс мектептеріне, арнаулы және жоғары оқу орындарына арналған бірнеше әдебиет 
оқулықтарын  жазған.  2-дәрежелі  "Отан  соғысы",  "Қызыл  жұлдыз",  "Құрмет"  (1998) 
ордендерімен, екі рет "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған. 
 
ӘДІЛ Балтабай (1.5.1949 ж.т.. Қарақалпақ АКСР-і. Мойнақ ауд. "Әли ауылы" кенті) - жазушы. 
1973  ж.  Хожелі  пед.  уч-щесін  бітіріп,  көп  жылдар  мұғалім  болып  қызмет  етті.  ҚазҰУ-ды 
сырттай  оқып  бітірген.  1993  ж.  Қазақстанға  көшіп  келіп,  содан  бері  респ.  "Ұлан"  газетінде 
істейді.  Балаларға  арналған"Атамның  жұлдызы"  (1981  ),"Алданыш"  (1984)  және  "Інімнің 
өкпесі", "Тырналар келе жатыр" (соңғы екеуі қарақалпақ тілінде) кітаптары жарық көрген. Респ. 
балалар  мен  жасөспірімдерге  арналған  жабық  бәйгенің  үш  дүркін  жүлдегері.  Қазақстан 
Журналистер одағы С.Ерубаев атынд. сыйл. лауреаты. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет