Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет186/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   677
ӘЗІБАЕВА  Бақытжан  Уәлиқызы  (1.1.1945  ж.т„  Астана)  -  ғалым.  филол.  ғыл.  докт.  (1999). 
Ташкент мемл. ун-тін бітірген (1968). 1968 -1973 ж. Әдебиет және өнер ин-тын-да аға лаборант, 
1973  -  86  ж.  кіші  ғыл.  қызметкер,  1986  -  1993  ж.  ғыл.  қызметкер  болып  жұмыс  істеген.  1993 
жылдан аға ғыл.қызметкер. 
ӘЗІЛ  - бір адамның екінші адамды ұялту, сөзге тоқтату үшін айтылатын ұрымтал да астарлы, 
көңілді де күлкілі пікірі. Яғни болмысқа, құбылысқа нақты оқиғаға қатысты көзқарасты білдірудің, 
баға берудің бір түрі. Ә-де де сынап-мінеу, іліп-шалып, тәлкек ету ниеті жатады.  Тек сол ниет 
жүрекке  ауыр  тимейтін  етіліп,  қалжыңға  сүйеп  жүзеге  асырылады.  Сондықтан  да  қазақ  мұны 
"әзіл-оспақ", "әзіл-қалжың" деп қосарлап айтады. Дегенмен ащы Ә-дерде сатираның уыты, көңілге 
қаяу  түсірмейтін  Ә-дерде  юмордың  белгілері  жүреді.  Ә.  -  юморлық  сезімнің,  тапқырлықтың 
жемісі.  Алайда  әзіл-оспақ.  әзіл-қалжыңды  сатира,  юморға  жатқызуға  болмайды.  Өйткені, 
біріншіден,  сатира,  юмор  өмірлік  болмыс-құбылыстарды  ұзақ  уақыт  байқап-көрудің, 
зерттеп-білудің, ақыл-ой, дүниетаным елегінен өткізудің нәтижесінде туады. Сатира, юмор белгілі 
бір дүние-танымның, саяси-әлеум. көзқарастың көрінісі, сәулесі ретінде, ресми шығарма түрінде, 
жалпы жұртқа жария етілу үшін жазылады. Ал әзіл-қалжың түріндегі шымшыма сөз кез келген 
жерде - отбасы. ошақ қасында, той -томалақ, әр түрлі отырыстарда айтыла салады. Онда ресми 
сипат, кең танымалдық болмайды. Сатира, юмор міні бар қоғам мүшесінің бәріне бірдей бағыттала 
береді,  ал  әзіл-оспақ дәстүрлі сөз қағыстыру  реті бар  адамдар арасында ғана, яғни құрбы мен 
құрдас,  жезде  мен  балдыз,  жеңге  мен  қайын,  құда  мен  құдаша  арасында  айтылады.  Халқымыз 
"Әзілің жарасса атаңмен ойна" деп Ә-ді кек тұтпай, қолдап отырған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет