Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет191/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   677
ӘЙТПЕНОВ  Қайыпназар  (1900.  Шымкент  обл.  Шардара  ауд.  Шардара  а.  -  1977)  -  халық 
ақыны. Ауыл мектебінен оқып, сауатын ашады. Ә. өлеңді жазып та, ауызша айтып та шығарған. 
1964  ж.  Шымкентге  өткен  өлкелік  ақыңдар  айтысына  қатысқан.  Ақьш  Шығыс  аңыздарының, 
қазақ  ертегілерінің  сюжетін  дастан  етіп  жырлаумен  қатар  Мырзашөл  тыңын  игерушілерге, 
мақташыларға, замандастарына арнап көптеген өлеңдер шығарды. Сықақ, мысқыл, мысал жанры 
ақын  шығарм-ғынан  елеулі  орьш  алады.  Біркатар  өлеңдері  "Шұғыла"  (1977)  жинағында 
жарияланды. Ә. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.   
ӘКПӘР  Мәжитұлы  (16.4.1954ж  т.,  Қытай,  ШҰАР,  Іле  аймағы,  Қорғас  ауд.)  -  жазушы. 
Ләнжоу ун-тін бітірген (1976). 1976 - 1980 ж. Іле обл. парткомында қызметкер, 1981 - 1985 
ж.  "Ұлттар  әдебиеті",  " Қытай жазушылары"  журналдарында  редактор, 1985  -  1995 ж. Қытай 
жазушьшар  одағында  аз  ұлттар  әдебиеті  басқармасында  басқарма  бастығының  орынбасары, 
басқарма  бастығы,  1995  жылдан  "Ұлттар  әдебиеті"  журналы  бас  редактордың  орынбасары. 
Әдебиетке 1978 жылдан араласқан. Шығармаларын Қытай тілінде жазады. Қазірге дейінгі "А, 
он  бес  жасар  Халидай",  "Көгаршын,  көгаршын",  "Ханымның  сандығы  түбіндегі  тізімдік", 
''Ақсаққұлан" қатарлы әңгіме-повесть жинақтары жарық көрді. Шығармалары бірнеше шет ел 
тіліне  аударылған.  Жазушы  ҚХР-дағы  қазақтардың  өмірін  қытай  тілінде  жазуымен 
ерекшеленеді.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет