ӘЗІЛКЕШ (Әзірбай) Шымырұлы. Алшынның Әзілкеші (1830. Қызылорда обл. Жалағаш ауд.
Жаңаталап а. - қ.б.ж.6.) - айтыс ақыны. Ә-тің халыққа кеңінен танылған туындысы "Қыз
Болықпен айтысы", Ақын Арқа елінде де болған. "Әзілкеш атандырған жеңгелерім", "Ағайынға
сын", "Көреді барған малдың жұтын" т.б. туындылары сақгалған. Ә. Құрманғазы Сағырбайұлымен
үзеңгілес жолдас болған. Ә-тің кейбір шығармалары Орт. ғыл. кітапхананың сирек қолжазбалар
қорында сақтаулы.
ӘЗМБАЙ Бижанұлы (1854. Шығ. Қазақстан обл. Шұбартау ауд, - 1922. сонда) - ақын. Абылай
ханның жүз батырының бірі - Мамадайырдың ұрпағы. Әкесінің ағасы Меңдаяқ би сияқты өзі де
ісімен, сөзімен ұлы Абайдың ықыласын алған. Ол ақындық өнермен жас ортасынан асқан кезінде
айналысады. Ә-дың "Ақ екен раушан жүзің атқан таңнан", "Безенген адамды білмейтұғын",
"Келгенде қара өлеңге ағыламын", "Сарықұс" атты лирикалық өлеңдері. "Қазақ зары", "Кәрілік
туралы" толғаулары, "Жоқтау" үлгілері сақталған. "Сарыарқаның мәселесі", "Ақтамберді -
Жаскілең" дастандарының, "Ахмет-Жүсіп", "Зейне
сұлу", "Бәраһат-Шерін", "Ғазіреті Ғали мен Дариға қызды" қиссаларын жазған. Ә. халық ақыны
Шашубай Қошқарбайұлының ақындық қалыптасу жолына әсері болған. Ақтамберді Сарыұлының
туындыларын айтып жеткізудегі Ә-дың еңбегі зор. 1994 ж. Ә-дың "Ақтамберді - Жаскілең" атты
өлеңдер мен қисса-дастандар жинағы алғаш рет жеке кітап болып жарық көрді (құраст. С.Бәуов
пен АТілеуханова).
ӘЗІМҚАН Тышанұлы (1929. Алтай аймағы, Қаба ауд. - 1993. ҚХР. Үрімжі қ.) - әдеби аудармашы,
зерттеуші ғалым. Үрімжі қ-ңдағы Тіл ин-тын бітірген (1948). 1950 ж. қоғамдық қызметін Алтайдан
бастап кейін келе Үрімжідегі Шыңжаң халық баспасында өмірінің соңына дейін жұмыс істеді.
Қытай халқыныңтарихи классик. шығармаларын "Үш патшалық қиссасы" (Тарихи роман), "Тад
дәуірі" (таңдамалы өлеңдер), "Су бойында" (тарихи роман), "Қызыл сарай түсін" (тарихи роман)
қазақ тіліне аударған. "Әр елдер әуені" атты шетел әңгімелері топтамасын. "Мұнарлы жаңбыр"
сынды көркем аударманы оқырманға ұсынды. "Әдебиет сыр шертеді" (Үрімжі. 1994) ғыл.
мақалалар топтамасы жазушы қайтыс болғаннан кейін жарық көрген.
ӘЗІРБАЕВ Кенен (22.6.1884. Жам-был обл. Қордай ауд. Мәтібұлақ а. -12.4.1976. сонда. Кенен а.) -
халық ақыны, әнші, халық композиторы. Қазақстанның еңб. сің. қайраткері (1956). Ән-жырды
әуелі ата-анасынан үйренген Кенен 11 жасынан домбыраға қосылып, өз жанынан өлең, ән шығара
бастаған. "Бозторғай", "Көк шолақ" әндерін шырқайды. 1916 жылғы халық азаттық қозғалысының
үгітші-сарбазы. "Он алтыншы жыл", "Қайран елім", "Аттан", "Бұлбұл" әндерін, "Әли батыр",
"Қырғызбай" дастандарын жырлаған. Қазақ, қырғыз арасындағы белгілі жиындарға қатысып,
айтысқа түскен, ән сайысына араласқан. 1921 ж. Қордай рев. к-тінің төрағасы болған. 1936 ж.
Мәскеуде өткен қазақ өнері онкүндігіне қаты сьш, "Жаңа заң" әнін шырқаған. 2-дүниежүз. соғыс
кезінде ел арасында мәдени-үгіт бригадасын басқарып, халықтың қаһармандық ерлігін, жеңісін
жырлаған. "Біз жеңеміз", "Майданға сәлем", "Сүйгенім-ай, күйгенім-ай", "Төрт батыр" сияқты
көптеген өлең-жырлар шығарған. Ә. - ең алдымен әнші ақын. Оның алғаш рет қазақ, қырғыз еліне
бірдей танылып, ақын атануы "Көпшілік көрсін әнімді" әнінің тууымен байланысты. Қазан
төңкерісіне дейінгі "Менің өмірім", "Құрдасыма", "Құрдасымның сөзі", "Қойымды Аянбайға кеттім
қосып", "Даяшылар", "Жеті қойды жоқтағаным", "Түйе" деген өлеңдері бар. 150-дей ән толғап, оның
өлеңін
жазды.
Оның
әншілік,
композиторлық
болашағына
әнші-жырлардың,
домбырашы-күйшілердің әсері зор болды. Әсіресе ол Жамбыл, Сарыбас, Балуан Шолақ, Шашубай
сынды белгілі әнші-ақын композиторлардан үлгі-өнеге алды. "Ой жайлау", "Бұлбұлға",
"Көкшолақ", "Октябрь", "Колхоз әні", "Біздің Отан жеңеді", "Елімнің ерке жастары", "Жайнады
таңым жайнады", "Жас малшылар әні", "Айға ұшқан ақиық", "Қордай", "Қазақстан", "Қос батыр",
т.б. әндердің авторы. Ә-тің композиторлығы жайында Қазақстан өнер зерттеушілері А.Қ. Жұбанов.
Б.Г. Ерзакович еңбектер жазды. Ә. айтыс жанрына ерте араласқан. Шалипа (1898), Ләтипа (1921),
Кенжеқожа (1938), Әбдіғали (1943), Бопипа (1961), Есдәулет( 1963) ақындармен айтысқан. Дастан
жанрын да жастайынан жырлаған. "Шөпке барғанда" (1898), "Құдалар" (1920), "Әли батыр" (1916),
"Қырғызбай" (1916 -17), "Кененбай - Кербез" (1936), "Бұрынғы өткен батырлар (1947), "Жалғыз
қаз" (1960), "Жамбыл - жыр" (1971) толғау, дастандары бар. Республика жұртшылығы 1959 ж.
ақынның 75 жасқа, 1974 ж. 90 жылдығын кең көлемде атап өтті. Ә. халқымыздың ауыз әдебиеті
нұсқаларын есіне мол сақтаған, оның айтуынан жазып алынған фольклорлық мұралар Әдебиет және
өнер ин-тының қолжазба қорында сақтаулы. Ол - жыр алыбы Жамбылмен жарты ғасырдай бірге
жүрген. Бұған оның екі жүзден астам өлең, арнау, толғаулары айғақ. Бұл туындылары әлденеше
рет жинақ болып шықты. "Өлеңдері" (1947), "Әли батыр" (1949, 1951 ж. қазақ, орыс тілінде),
"Өлеңдері мен дастандары" (1952), "Әндері" (1955), "Өлең, дастан, ән текстері" (1961), "Өмірімнің
әндері" (1961). "Шығармалар жинағы" (1967), "Аңыздар сыры" (1969), "Алатау шыңы" (1974)
жарияланды. 1984 ж. ақынның 100 жылдық толу мерейтойы өткізілді. Оған арналып респ.
ақындар айтысы ұйымдастырылды. Таңдамалы шығармаларының 2 томдығы және "Шырқа,
даусым", орыс тілінде "Песни гор и степей" кітаптары жарық көрді. Де
ректі кино-телефильмдер түсірілді. Ә-тың есімі Жамбыл обл. Қордай ауд-ндағы Қасық орта
мектебіне, Алматы қ-ндағы бір көшеге, Жамбыл қ-ндағы кинотеатрға берілген. Құрманғазы атынд.
Алматы консерваториясының және бұрынғы Шымкент мәдениет ин-тының үздік студенттері үшін
Ә. атынд. стипендия тағайындалған. Жамбыл обл-нда ақын ұзақ жылдар бойы тұрған елді мекен
Кенен ауылы аталады. Онда Ә-тың мұражай-үйі жұмыс істейді. Ленин (1974), Еңбек Қызыл Ту, 2
рет "Құрмет белгісі" (1945) ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Достарыңызбен бөлісу: |