жанындағы "Әуезов үйі" ғыл.-мәдени орт-нда кіші ғыл. қызметкер, 1993 жылдан аға ғыл.
қызметкер. Ә. ұзақ жылдар бойы М.Әуезов мұрағатын зерттеумен айналысып келеді. Ұлы
жазушы өмірі мен шығарм. жайлы елуден астам ғыл. мақалалар мен "Даналық мәйегі" зерттеу
кітабының авторы. М.Әуезовтің 20 томдық шығармалар жинағьшың, 50 томдық шығармалар
жинағының алғашқы 3 томының ғыл. түсініктемелерін жазып, баспаға әзірлеуге қатысты. "М.О.
Әуезовтің қолжазба мұрасы" ғыл. сипатгамасы (1977) мен "М.О. Әуезовтің өмірі мен шығарм.
шежіресі" кітабын (1997) құрастырушылардың бірі.
ӘКІРАМ Ғалимов Меңліғалымұлы
(17.11.1892. Астана - 7.8.1913. Ресей. Челябі обл. Троицк қ.) - ақын, жазушы, драматург,
педагог. 1905 ж. Троицкідегі "Рәсулия" медресесінде оқиды. Медресенің бастауыш бөлімін
бітірген соң, Қостанай маңына қоныс аударып, қазақ балаларын оқытқан. 1911-13 ж.тұңғыш
қазақ журналы "Айқапта" қызмет істеген. Тырнақалды өлеңдері осы басылым беттерінде жарық
көрген. Туындыларын татар және қазақ тілдерінде жазған. Қазақ тілінде "Жастық жемістер" (1912)
өлеңдер жинағын жариялап, "Бақытсыз сұлу" повесін, татар тілінде "Май мәселесі" (1913) атты
сықақ пьесасын жазған. Сонымен қатар "Ақмола", "Шора", т.б. журналдарда көптеген өлең, әңгіме,
мақалалары басылып тұрды. Ә-ның "Замандастарға", "Қыста", татар тілінде жазылған "Бақытсыз
сұлу", т.б. шығармалардың авторы. Ағылшын ақыны Дж.Байронның, татар ақыны Ғ.Тоқайдың
бірқатар өлеңдерін қазақ тіліне аударған.
Достарыңызбен бөлісу: