Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет196/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   677
"ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ КІТАПХАНАСЫ" ("Ә. Ә. К") - әлем әдебиетінің үздік шығармалары енген 
(200  том)  кітаптар  сериясы.  "Ә.  Ә.  К-н"  "Художественная  литература"  баспасы  1967  -  77  ж. 
аралығында шығарды. Басылымды дайындауға Мәскеудегі М.Горький атынд. әлем әдебиеті ин-ты 
ат салысты. "Ә. Ә. К" үш сериядан тұрады. 1-ші серияға (64 том): Антикалық дәуір, қайта өрлеу, 
орта ғасыр, ежелгі Шығыс әдебиеті және 17 - 18 ғ. әдебиетгері енген. 2-ші серия (63 том) тұтас 19 
ғ. әдебиетінен түрады. 3-ші серияға (73 том) 20 ғ. шығармалары топтастырылған. "Ә. Ә. К-ның" 
127 кітабы антолог. томдар. Сондай-ақ кейбір әлем әдебиетінің классик. үздік шығармалары алғаш 


рет  орыс  тіліне  аударылып  беріледі:  "Ежелгі  Шығыс  поэзиясы  мен  прозасы",  "Орта  ғасыр 
романдары  мен  повестері",  Ф.Рабленің  Гаргантюа  және  Пантагрюэль"  романы  алғашқы  рет 
толық  аударылып  басылды.  "Ә.  Ә.  К"  сериясын  дайындауға  әлемнің  белгілі  әдебиеттанушы 
ғалымдары  жұмылдырылды.  Әр  кітап  ғыл.  зерттеу  мәндес  алғы  сөздер  мен  түсінікгемелермен 
қамтамасыз етілген. "Ә. Ә. К-нда" адамзат баласының барлық дәуір. кезеңінің сөз өнері шеберлері - 
3235 автордың 25800 үздік шығармалары 100-ден астам тілден аударылып жарық көрді. Әр том 50 
б. т-тан 300000 тиражбен. барлық 200 том 60 млн. астам дана болып тарады. Әлем әдебиетінің ең 
үздік  шығармаларын  жинақтаған  "Ә.  Ә.  К-ның"  3-сериясында  қазақ  сөз  өнерінің  таңдаулы 
туындылары енген. 1-ші сериясының "КСРО халықтарының батырлық эпосы" деп аталатын 13. 
14  томдарына  енген  эпостардың  ішінде  қазақгың  "Қобыланды  батыр"  жыры  бар,  ал  "КСРО 
халықтарының  4 - 1 8   ғасырлардағы  поэзиясы"  атты  55-томына  Бұхар  жыраудың  толғаулары 
кірген.  2-серияның  "КСРО  халықтарының  19  -  20  ғ.  басындағы  поэзия"  деп  аталатын  томына 
Шөже,  Сүйінбай,  Біржан  сал,  Жаяу  Мұса,  Ақан  сері,  Кемпірбай,  Сара,  Балуан  Шолақ, 
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбайұлы, С.Торайғыров сияқты ірі өкілдерінің өлеңдері енгізілген. "Ә. Ә. 
К"-ның 3-сериясындағы "Совет поэзиясы" атты 2 томдығына қазақ ақындарынан Ж.Жабаевтың, 
С.Сейфуллиннің, 
І.Жансүгіровтің, 
Т.Жароковтың, 
Ә.Тәжібаевтың, 
К.Аманжоловтың 
шығармалары  берілген.  "Совет  әңгімелері"  атты  2  томдыққа  М.Әуезовтің  "Көксерек",  Ғ. 
Мүсіреповтің  "Этногр.  әңгімесі"  кірген.  "Ә.  Ә.  К-ына"  М.Әуезовтің  "Абай  жолы"  эпопеясы  екі 
кітап  болып  (134,  135  томдар)  енген.  "Ә.  Ә.  К"  басылымның  редакциялық  кең  құрамында 
Ә.Нұрпейісов болды. Кітаптарды көркем безендіру қазақ суретшілерінен Ә.Қастеев, Е.Сидоркин, 
С.Айтбаев қатысты. "Ә. Ә. К" сериясының ғыл. принциптерін айқындап, басылымға дайындаған 
шығарм. топқа КСРО Мемл. сыйл. берілді (1978). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет