ӘЛЖАНОВТемір (1898. Сырдария обл. Қазалы уезіне қарасты "Аққыр" болысы. - 1937.
Қызылорда обл. Қармақшы ауд. Түрмағамбет а.) -ақын, әнші. Даңмұрын, Кете Жүсіп, Шораяқтың
Омарын ұстаз тұтып, соларға еліктеп өлең жазған. Ә. "Бүркіттің сыны", "Кедейшілік",
"Қойшының мұңы", "Байдың қызымен айтысу", "Аға өлімі", "Суретте" т.б. өлеңдерінің авторы.
ӘЛЖАНТЕГІ Төкен (1953 ж.т., Қарағанды обл. Жаңаарқа ауд. Атасу кенті) - жазушы. Еңбек
жолын 1974 ж. Ақадыр ауд. "Ақадыр таңы" газетінде жауапты шығарушы қызметінен бастап, обл.
газеттерде түрлі жұмыстар атқарған. Алғашқы әңгімелер жинағы "Армысың, ару күн!" 1987 ж.
жарық көрген. "Ашық сабақ"(1991), "Қым-қиғаштіршілік" (2000), "Ақ-қараның арасы" (2002),
"Жартастан жеткен жаңғырық" (2003) кітаптары жарық көрген. Т.Айбергенов атынд. сыйл.
иегері (1998). "Қазақстан әдебиеті - 2000" байқауының проза саласы бойынша жеңімпазы.