ӘЛІМЖАНОВБаянғали Тақанұлы (16.10.1954 ж.т., Көкшетау бол. Еңбекшілдер ауд. Степняк қ.) -
жазушы, ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1977). 1977 - 81 ж. С.Мұкановтың мұражайында, "Лениншіл
жас" (қазіргі "Жас Алаш"), "Кітап жаршысы" - "Друт читателя", "Қазақ әдебиеті" газеттерінде
әдеби қьвметкер, бөлім меңгерушісі. 1982 - 87 ж. "Балдырған", "Жұлдыз" журналдарында редактор.
1987- 89 ж. обл. "Көкшетау правдасы" (қазіргі "Көкшетау") газетінде, Еңбекшілер ауд. мәдениет
бөлімінде. Ш.Құсайынов атынд. Көкшетау обл. қазақ драма театрында қызмет істеді. 1989
жылдан шығарм. жұмыста. "Шешендік сөздер, шешілмеген сырлар" деген алғашқы зерттеу
мақаласы 1973 ж. "Қазақ әдебиеті" газетінде жарияланған. "Қиқыматтық хикаялары" (1982), "Ұя"
(1985), "Жынды Қартайдың қасиеті" (2000) атты прозалық кітаптардың. "Қиқыматтың
қиссасы" сатиралық повесінің (1989), "Құдалық", "Қожанасыр", "Қайран кемпір-шалдар-ай" атты
пьесалардың авторы. "Арқалық батыр", "Батыр Баян" сияқты қазақ дастандарымен қатар,
қырғыздың "Манас" жырьшан да үзінділер орындайды. Көптеген әдеби-сын еңбектері "Уақыт және
қаламгер" (1978. 1980), "Жастар - жастар туралы" (1981) деген ұжымдық жинақтарға енген.
"Жыраулар" (1983). "Палуан" (1984), "Асылдың сынығы" (1985) атты деректі фильмдердің
сценарийін жазған. 1984 жылдан бері респ.. обл. деңгейде өткен айтыстарда сайысқа түсіп неше
дүркін жүлдегер атанған. Манастың мың жылдығына арналған Халықар. манасшылар байқауының
арнайы жүлдесінің иегері. Қырғызстан Мәдениет мин. мен Композиторлар одағы тағайындаған
А.Малдыбаев атынд. халықар. сыйл. лауреаты (1995), "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған
(2000).