ӘЛІМҚҰЛОВ Тәкен Тәңірберген (22.11.1918, Оңт. Қазақстан обл. Созақ ауд. Бабаата а. -
13.4.1987. Алматы) - ақын, жазушы, әдебиет сыншысы. Мәскеудегі М. Горький атынд. Әдебиет
ин-тын бітірген (1953). 1936 - 41 ж. Шымкент қорғасын зауытында жұмыс істеп жүріп, мақалалар
жаза бастаған. 1941 - 45 ж. Донецк обл-нда жұмыс істеген. 1945 - 49 ж. "Оңтүстік Қазақстан"
газетінде жауапты хатшы. "Леншшіл жас" (казіргі "Жас алаш") газетінде бөлім меңгерушісі, 1956
-74 ж. КСРО және Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1974 жылдан шығарм. жұмыста
болған. Шығармалары 1945 жылдан жариялана бастаған. Алғашқы өлеңдер жинағы "Сапар" 1950
ж. жарық көрген. "Өткен мен қазіргі" (1958), "Ақбоз ат" (1968), "Көк қаршыға" (1972), "Бар өмір
алда" (1974), "Сырлы наз" (1984) кітаптары орыс тілінде жарық көрген, орыс қаламгерлері М.Ю.
Лермонтовтың "Измаил бей" поэмасын (1951), П.Павленконың "Бақыт" (1950), Г.Николаеваның
"Орақ үстінде" (1952) романдарын, француз жазушысы Э.Сент-Экзюперидің "Кішкентай
шаһизада" ертегісін, сондай-ақ орыс ақындары А.С. Пушкиннің, В.В. Маяковскийдің, әзербайжан
ақын Низамидің өлеңдерін қазақ тіліне аударған. "Халықтар достығы" орденімен марапатталған
(1978).
ӘЛІМҰЛЫ Аманхан(20.1.1952ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Отырар ауд. Қожатоғай а.) - ақын.
ҚазҰУ-ды (1980). Мәскеудегі Бүкілодақтық А.М. Горький атынд. Әдебиет ин-тының жоғары
курсын (1993) бітірген. Респ. басылымдарда қызмет істеген. Қазір "Заң газетінің" жауапты
хатшысы, "Кездесу" (1983), "Жанымның жапырағы" (1989), "Ай нұры алақанымда" (1996) жыр
жинақтарының авторы.
Достарыңызбен бөлісу: