ӘЛІМҚҰЛОВ Қадыр (1.1.1949 ж.т., Алматы обл. Жаркент ауд. Шормақ батыр а) - ақын.
ҚазҰУ-ды бітірген (1975). 1975 - 77 ж. "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан")
газетінде тілші. 1977 - 79 ж. "Білім және еңбек" (қазіргі "3ерде") журналында жауапты хатшы.
1979 - 82 ж. Қазақ теледидарында шолушы, 1982 - 86 ж. "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен
Қазақстан") газетінің Алматы обл-ндағы меншікті тілшісі, 1986 - 90 ж. Алматы обл. партия к-тшің
үгіт және насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 1990 жылдан бері ҚР
Президентінің әкімш-нде жауапты қызметте, "Тағдыр көзіндегі тамшы" (1999), "Жан
тұңғиығындағы жауһарлар" (2000), "Сартап сағынышым сағымданған" (2001) және "Тәуелсіздік"
(2002) жыр жинақтары жарық көрген. Ақын М.Қайыңбаевпен бірігіп жазған "Сүзге сұлу"
поэтикалық драмасы ел тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай өткізілген респ. жабық байқауда екінші
жүлде алып, жеке кітап болып шықты. Қазақстанның еңб. сің. қайраткері.