ӘСІРЕЛЕУ. гипербола (грек. hyperbole - күшейту) - әдебиеттегі көркемдеу тәсілдерінің
бірі, әр түрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асыра суретгеу тәсілі. Ә.
- әдеби тілдің көркемдігін ғана емес. бейнелілігін. әсерлілігін арттырып, құбылтудың бір түрі.
Көне эпостық жырларда, фольклорлық туындыларда жиі кездеседі. Мыс., "Қара арғымақ арыса,
қарғаадым жер мұң болар" (мақал), "Астындағы бурылдың, Жоғарғы ерні көк тіреп, Төменгі
ерні жер тіреп..." ("Қобыланды батыр), Ә. ақын-жыршылар шығармаларында да жиі
қолданылған. "Аққан жасы сел болған. Етегі толып. көл болған..." (Дулат) сынды айшықгы
шумақтар осының айғағы. Ә. жазба ақындар шығарм-ғында да қолданылады, бірақ оның
сапасы, жасалу түрлері басқаша болып келеді және ауыз әдебиетіндегідей жиі кездесе
бермейді. Мыс., С.Торайғыров: "Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам!" - десе
Т.Жароков: "Қарыңды қағып - су қылдым, Суыңды сілкіп - бу қылдым. Түтініңмен таң
атқыздым. Жеріме жұлдыз жаққыздым...", - деп жырлайды. Осының екеуінде де Ә. бар.