Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет228/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   677
ӘРШИТДИНОВ  Батур  (1926  ж.т..  Алматы  обл.  Жаркент  қ.)  -  ақын.  Қытайдағы  Үрімжі  қ-нда 
жоғары оқу орнын (1954). Қытай КП Пекин Жоғары партия мектебінде (1960). оқыған. Тіл білімі 
ин-тында  аспирантурада  сырттай  бітірген  (1966).  1944  -  49  ж.  Шығ.  Түркістандағы  ұлт-азаттық 
қозғалысына қатысқан. 1954 - 61 ж. ШҰАР-дың Коммунистік Жастар одағының бірінші хатшысы. 
Демокр.  жастар  ұйымының  төрағасы  бола  жүріп,  "Жас  коммунист"  журналының,  "Синьзян 
жастары" газетінің, "Синьзян" жастар баспасының бас редакторы міндетін қатар атқарады. 1962 - 
89  ж.  Қазақстан  Ұйғыртану  бөлімінде,  кейіннен  Ұйғыртану  ин-нда  ғыл.  қызметте  болған. 
Алғашқы  өлеңі  1947  ж.  жарияланған.  "Жастық  сезімдері"  (1957),  "Дала"  (1967),  "Тау  самалы" 
(1971),  "Кек"  (1980),  "Ынтызар"  (1986)  жинақтары  жарық  көрген.  "Ұйғыр  халықауыз  әдебиеті 
шығармашылығы", "Дастандар", "Төрт дербіш", "Он екі мұқам", "Сом алтын" (ертегілер), "Ұйғыр 
фольклорының антологиясы" ғыл. еңбектердің авторы. 
ӘСЕМҚҰЛОВ  Таласбек (1.8.1955 жт, Шығ. Қазақстан обл. Ақтоғай т. ж. ст.)  -жазушы.  ҚазҰПУ-ды 
бітірген  (1980).  "Жазушы"  баспасында  редактор.  Құрманғазы  атынд.  Алматы  мемл. 
консерваториясында мұғалім болып жұмыс істеген. Қазір "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі. 
1985 ж. "Жалын" альманахында "Атайы" атты тұңғыш әңгімесі жарық көрген. "Шымдан" повесі 
мен "Талтүс" романының, бірқатар әңгімелер мен әдеби-сын мақалалардың авторы.   
ӘСЕТ Найманбайұлы (1867. қазіргі Шығ. Қазақстан обл. Үржар ауд. Бақгы а. - 23.3.1922. Қытай, 
Құлжа қ.) - көрнекті ақын, әнші, композитор. Ә ескіше оқып, сауат ашқан. Ә. үркіншілік кезінде 
Қытайға өткен (1920 - 21 ж. шамасы). Жастайынан ән салып, халық аузына іліккеннен бастап ол ән 
шығара бастаған. "Інжу - Маржан", "Мақпал", "Қарагөз", "Майда қоңыр", "Гауһар қыз", "Қоңыр 
қаз", "Қисмет", "Әпитөк" т.б. әндері белгілі. Ә. - қазақтың көрнекті лирик ақыны. Оның "Қалдың 
ба,    қайран қазақ, қамданбастан", "Сарбаздар санасы жоқ сатылып жүр", "Жас жігіт надандықпен 
алданады".  т.б.  өлеңдерінің  авторы.  Ақын  жаңа  үлгідегі,  оқиғалы  дастан  жырын  дамытуға  мол 
үлес қосты. "Салиха - Сәмен", "Ағаш ат", "Перизат", "Үш жетім қыз", "Нұғыман - Нағым", "Мәлік - 
Дарай", "Жәмсап", "Кешубай" сияқты бірқатар қисса-дастандары бар. Ә. - айтыс ақыны да. Ол 
Ырысжан,  Бақтыбай,  Кәрібай,  Әріп,  Қали,  Сәмет,  Қосымбай,  Қызыр,  Кемпірбай  және  Мәлике 
қызбен айтысқан. Солардың ішіндегі аса құндылары "Әсет пен Ырысжанның айтысы", "Әсет пен 
Кәрібай  айтысы".  1910  ж.  К.Халиди  Ә-тен  бірнеше  салт  өлеңдерін  жазып  алып  жариялаған. 
Кеңес дәуірінде Ә. өлеңін алғаш С.Сейфуллин (1925) бастырған. Ал 1936 ж. өмірі мен шығарм-ғы 
туралы  тұңғыш  мақала  жарияланды  (Б.Ысқақов).  Тұңғыш  жинағы  1968  ж.  Б.Адамбаевтың 
құрасты 
руымен басылып, жинаққа 34 өлеңі (әнін қоса), 4 айтыс-қағысы, 4 дас-танқиссасы жарияланса, 


1988 ж. "Әсет" жинағына (құрастырған Б.Нұржекеев) 29 ән мәтіні, 71 өлеңі, 10 ай-тысқағысы, 8 
қисса-дастаны енгізілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет