Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет229/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   677
"ӘСЕТ ПЕН КӘРІБАЙ АЙТЫСЫ" - шамамен 1905 ж. Тарбағатай тауының түстік жағында 
өткен. Кәрібай ақын туралы толымды дерек жоқ. Бірақ Қаракерей тайпасынан  екендігі, осы 
күнгі  Шығ.  Қазақстан  обл.  Ақсуат  маңында  өмір  сүргендігі  нақты  белгілі.  Айтыстың  Ержан 
Ахметовтен  жазып  алған  нұсқасы  "Айтыс"  жинағында  (1964,  1-т.  173-175-6.)  жарияланған. 
Айтыс Ауған Жақсылықов, Боқаш Ақсақалов репертуарында болған. Бір нұсқасын Ахметжан 
Қилыбаевтан ақын Қалихан Алтынбаев жазып алған. "ӘСЕТ ПЕН ЫРЫСЖАН АЙТЫСЫ" 
ақындар айтысының шоқтығы биік, аса көркем туындыларының бірі. Айтыс өткен ғасырдың 
соңғы  ширегіндегі  туынды.  Мұнда  халықтың  өміріндегі  ауыр  жағдай  мен  ел  билеушілердің 
жасаған  зорлық-зомбылығы  әсерлі  сипатталады.  Айтыс  әлеум.  мазмұнды  жұмбақ  айтыстың 
көркем  үлгілерінің  бірі.  Жұмбақты  бастан-аяқ  Ырысжан  айтады  да,  Әсет  қолма-қол  шешіп 
отырады. Айтыс С.Сейфуллиннің "Қазақ әдебиеті нұсқаларында" (1931), "Айтыс" жинақтарында 
(1942  -  С.Мұқанов,  Е.Ысмайылов),  (1964  -  Ш.Ахметов,  Б.Ысқақов),    М.Ғабдуллиннің  "Қазақ 
халқының  ауыз  әдебиеті"  хрестоматиясында  (1959).  Ә-тің  жинағында  (1988  -  Б.Нұржекеев, 
Б.Абылқасымов)  т.б.  жарияланған.  Орт.  ғыл.  кітапхананың  қолжазба  қорында  нұсқалары 
сақталған.  Сондай-ақ  айтыстың  Б.Ақсақалов,  С.Әбділбаев  орындауындағы  нұсқалары  да  бар, 
айтысты М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Ордалиев, М.Жармұхамедов зертгеген.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет