Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет239/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   677
ӘУЕЗОВ ҮЙІ. "Әуезов үйі" ғыл.-мәдени орталығы - ұлы жазушы М.Әуезовтің өмірі мен шығарм. 


мұрасын  көпшілікке  таныстыру,  насихаттау,  зерттеу  жұмыстарымен  айналысатын  ғыл.-мәдени 
мекеме.  Алматы  қ-нда  жазушының  өзі  тұрған  (1951  -  61)  үйде  (Төлебаев  көшесі.  155  үй) 
орналасқан.  1963  ж.  28  қарашада  ашылды.  Қазақстан  үкіметінің  "М.О. Әуезовтің  туғанына  100 
жыл  толуы  мерейтойына  дайындық  және  оны  өткізу  туралы"  1993  ж.  19  шілдедегі  (№  810) 
қаулысына сәйкес, 1996 ж. 1 маусым күні мұражай "Әуезов үйі" ғыл.-мәдени орталығы болып 
қайта  құрылды.  Орталық  негізінен  үш  бағытта  жұмыс  жүргізеді:  Бірінші  бағыты:  -  жазушының 
өмірі мен шығарм. мұрасын жинақтау, оны ғыл. жүйеге түсіріп саралау, жариялау және әуезовтану 
саласы бойынша жарық көрген еңбектерді жинау. Екінші бағыты - мұражайдағы қолжазбалар мен 
экспонаттарды,  кино,  фото,  дыбыс  қорларындағы  мқұаларды  ғыл.жүйеге  түсіру,  көрме 
ұйымдастыру.  Қолжазба  қорында  72  мыңнан  астам  мұрағаттар,  сирек  кездесетін  кітаптар, 
жазушының күнделіктері мен жолжазбалары, архивтерден жинаған құнды деректері, жеке басы 
құжаттары.  т.б.  бар.  Үшінші  бағыты  -  М.Әуезовтің  азаматтық,  шығарм.  құқығын  қорғау.  Осы 
шаралар  негізінде  М.Әуезовтің  12  томдық  (1967  -  69)  және  20  томдық  (1979-  85)  шығармалар 
жинақгарын бастырып шығарды. 1997 ж. 50 томдық жинағын дайындау қолға алынып, 2005 жылға 
дейін  18  томы  басылып  шықты.  Орталық  орналасқан  мұражай  үйі  екі  қабаттан.  8  бөлмеден 
тұрады. Көрменің негізгі мақсаты - ұлы тұлға ғұмырына қатысты заттар, құжаттар, суреттер арқылы 
жазушының  тағдырын,  шығарм.  мұратын  терең  де  әсерлі  ұғынуға  жәрдемдесу.  Онда  қойылған 
экспонатгар  М.Әуезовтің  туған.  өскен  ортасы,  жазушылық  жолы,  қоғамдық  қызметі,  "Алаш" 
қозғалысы,  кеңестік  жазалау  саясаты  тұсындағы  көрсетілген  қысымдар  1930  -  32  ж.  түрмедегі 
өмірі, шетел сапарлары туралы жан-жақты мағлұмат береді. Салтанат ғимаратында жазушының өзі 
туралы  деректі  фильмдермен  қоса,  оның  шығармалары  бойынша  түсірілген  "Абай  әндері", 
"Райхан",  "Асудағы  атыс".  "Көксерек"  көркемсуретті  фильмдері,  замандастарының  жазушы 
туралы айтқан естеліктерінің бейнетаспалары көрсетіледі. Жазушының өзінің дауысы жазылған 
таспалар мен күйтабақтар бар. Орталықта мекемелер мен жоғары оқу  орындарына, мектептерге 
апарып таныстыруға арналған тақырыптық көшпелі көрме жұмыс істейді. Қайта қалпына келтіру 
шеберханасы мен ғыл. жұмыспен айналысушыларға қызмет көрсететін компьютерлік бөлім бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет