АЗИЯ ЖӘНЕ АФРИКА ЕЛДЕРІ ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ АССОЦИАЦИЯСЫ -
халықаралық әдеби ұйым. 1967 ж. Бейрутта құрылған. Азия және Африка елдерінің 78 ұйымын
біріктірді. Бас кеңсесі Гаванада орналасқан. 1968 жылдан ұйымның "Лотос" альманағы
шығарылды. 1967 жылдан бастап ұйым лауреаттарына жыл сайын "Лотос" әдеби сыйлығы
беріледі. Ассоциация Азия және Африка елдерінің әдеби күштерін біріктіріп, олардың ұлттық
тәуелсіздік, әлеум. прогресс, демократия жолындағы іс-қимылдарына жәрдемдесті.
АЗОВСКАЯ Татьяна Николаевна (8.10.1948. Орал қ.) - ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1973). Семей
обл. "Иртыш" газетінде тілші. Ақтөбе драма театрында әдеби қызметкер. Бат. Қазақстан обл.
"Приуралья" газетінде тілші қызметтерін атқарған. "Благодарю судьбу" (1980), "Письмо из
Осени" (1981), "Смуглое лето" (1985) атты өлеңдер жинағы жарық көрген. "Жігер" жастар
шығарм. фестивалінің лауреаты (1981).
АЗИЯ ЖӘНЕ АФРИКА ЕЛДЕРІ ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯЛАРЫ - екі
құрлық елдері жазушыларының халықаралық әдеби жиыны. 1956 ж. 23 - 28 желтоқсанда
Делиде өткен Үндістан жазушылары мен Азия елдері жазушыларының конференциясында
Кеңес Одағы делегациясы Азия және Африка елдері жазушыларының конференциясын
өткізіп тұруды ұсынды. Азия мен Африка елдері жазушыларының 1-конференциясы 1958 ж. 7 -
13 қазанда Ташкентте өтті. Бұл конференцияға Азия мен Африканың 37 елінен. Еуропа мен
Американың 13 елінен әдебиетшілер қатысты. Конференцияның алғашқы төрағасы болып өзбек
ақыны Зүлфия Исраилова. орынбасарларының бірі болып қазақ жазушысы Ғ.Мүсірепов сайланды. Азия және Африка жазушыларының Ассоциациясын құру жөнінде, Халықар. "Лотос"
сыйлығын белгілеутуралы шешім қабылданды. Екінші конференция 1962 ж. 12 - 16 ақпанда
Каирда, үшіншісі 1967 ж. 25 - 30 наурызда Бейрутта өткізілді. Төртіншісі 1970 ж, 17 - 20 қарашада
Делиде, бесіншісі 1973 ж. 4 - 9 желтоқсанда Алматыда, алтыншысы Анголаның астанасы
Луандада 1974 ж. 26 маусым - 1 шілде аралығында, жетіншісі 1983 ж. Ташкентте, сегізіншісі 1988
ж, 21 -25 қазанда Тунисте өтті. Форумда делегаттар бейбітшілік, ұлттық тәуелсіздік, халықтар
ынтымағы жайында мәселе көтеріп, пікір алысты.