Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет30/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   677
АЙБЕРГЕНОВ Төлеген (3.3.1937. Қарақалпақстан, Қоңырат ауд. Қоңырат а. - 29.8.1967. Нөкіс) - 
ақын. Ташкент пед.ин-тын бітірген (1959). 1959 - 62 ж. Қоңырат ауд-ндағы орта мектепте мұғалім, 
1962  - 65  ж.  Шымкент  обл. Сарыағаш  ауд-ндағы  орта мектеп директоры,  1965  - 67 ж.  Қазақстан 
Жазушылар  одағының  әдебиетті  насихаттау  бюросында  ұйымдастырушы  қызметтерін  атқарған. 
Алғашқы шығармалары 1957 жылдан респ. газет-журналдарда жариялана бастады. Алғашқы бір 
топ өлеңдері 1961 ж. "Жас дәурен" атты жас ақын-жазушылар шығармалары жинағына енді. Қазақ 
поэзиясына  өзіндік  жаңа  ырғақ.  тегеурінді  екпін  әкелген  поэтикалық  жыр  кітаптары:  "Арман 
сапары", "Өмірге саяхат" (екеуі де - 1963), өзі қайтыс болған соң, "Құмдағы мұнаралар" (1968, 
Қазақстан Комсомолы сыйл.. 1974), "Мен саған ғашық едім" (1970), "Аманат" (1975), "Бір тойым 
бар" (1981. 1989), балаларға арналған "Бақшаға саяхат" (1985), т.б. жыр кітаптары жарық көрді. 
Орыс  тілінде  "Мир  созвездий"  деген  атпен  таңдамалы  жырлары  аударылып  басылды  (1987). 
Бірқатар өлеңдері  "Поэты Казахстана" (1977),  "Струны домбры" (1979), "Степновы  ритмы"  (1983, 
екеуі де  украин тілінде) деген жинақтарда жарияланды.  1997 ж. ақынның "Таңдамалы өлеңдер" 
жинағы мен ол туралы жазылған "Біргемін мен сендермен" атты естелік кітап. 2001 ж." Біртойым 
бар"  атты  жыр  кітабы  жарық  көрді.  "Жалын"  журналы  тағайындаған,  жас  ақындарға  берілетін 
Т.Айбергенов атынд. әдеби сыйлық бар.   
 
АЙДАБОЛ Сүйіндікұлы (т. ө. ж. б., Ташкент маңы) - би, шешен. "Айдабол би айтқан екен" деген 
ғибратты сөздер ел аузында нақыл болып қалған. Оның әділдігі сондай, бір дауда "Төрелігім дұрыс 
болмаса, ұлым Тайкелтірді ат құйрығына салып өлтіремін" деп ант ішкені туралы аңыз сақталған. 
А. ұрпақтарының бірі Жанқозыдан: Тайкелтір би. Қошетер (Қосшетер) мерген, Олжабай батыр, 
Секербай би, Боштай (Поштай) Тұрсынбайұлы, әкелі-балалы Едіге мен Шоң билер, Жаяу Мұса, 
Сұлтанмахмұт Торайғыров. т.б. әйгілі адамдар шыққан. 
 
АЙДАРОВ  Тұрап  (20.11.1933,  бұрынғы  Шымкент  обл.  Келес  ауд.  Ғ.  Мұратбаев  атынд.  а.  - 
7.3.1994.  Ташкент  қ.)  -  ақын,  ғалым,  филология  ғыл.  докт.  (1982),  проф.  (1985).  ҚазҰУ-ды 
бітірген  (1956).  1956  - 57 ж.  орта  мектепте оқу  ісінің  меңгерушісі, 1957  - 85 ж.  Ташкент пед. 
ин-тының  аға  оқытушысы,  доценті,  1985  -  94  ж.  қазақ  филол.  кафедрасының  меңгерушісі 
қызметтерін  атқарды.  Оның  "Қазақ  тілі  лексикасының  ерекшеліктері"  (1975), 
"Лингвистикалық  география"  (1977),  "Өзбекстан  қазақ  говорлары  лексикасы  және 
лингвистикалық  географиялық  мәселелері"  (1992)  сияқты  монографиялық  еңбектерімен  бірге, 
"Жана бер жұлдызым" (1975), "Қоңыр жел" (1979), "Арайлы аспан" (1980), "Шие" (1981), "Көңіл 
салтанаты" (1989) деген жыр жинақтары жарық көрген. 
 


"АЙҚАП"  -  қоғамдық-саяси  және  әдеби  журнал.  1911  -  15  ж.  Троицк  қ-нда  айына  бір  рет. 
кейін  екі  рет  шығып  тұрды.  Оның  88  саны  1000  -2000  данамен  жарық  көрген.  Алғашқы 
редакторы - М.Сералин. "А." қазақтың қоғамдық ой-пікірінің оянуы мен ұлттық мәдениетінің 
дамуына  үлкен  үлес  қосты.  Журналды  шығаруға  Ә.Ғалимов.  С.Торайғыров  ат  салысты. 
А..Байтұрсынов,  Шәкерім  Кұдайбердіұлы,  Б.Майлин,  Б.Өтетілеуов,  С.Дөнентаев,  С.Көбеев, 
Н.Құлжанова  сынды  қаламгерлер  белсене  қатысты.  Журналда  Шоқан,  Абай,  Ыбырай 
шығармаларымен бірге ауыз әдебиетінің үлгілері, шығыс, орыс және Еуропа қаламгерлерінің 
туындылары  басылып  тұрды.  Қазақ  энциклопедиясының  Бас  редакциясы  1995  ж.  журнал 
материалдарын баспадан жеке кітап етіп шығарды.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет