АЙМАҒАМБЕТОВ Орынбай (1923 ж.т., Қарағанды обл. Тельман ауд.) -ақын. Қарағанды
шахталарында жұмыс істеген. Өлеңдері 1940 жылдан жергілікті газеттерде жариялана бастады.
"Шахтер шамы", "Туған қалам", "Қарқаралы", "Ильичпен сырласу тәрізді өлең-жырлары туған
жер, оның еңбекшіл адамдарына арналған. Мақсұт Байсейітов, Кәртай Ермекбаев, Бақыт
Мұстафин сияқты үзеңгілес әріптестерімен айтысып жүлдегер атанды. 1969ж. халық
ақындарының респ. ғыл.-шығарм. конференциясына қатысты.
АЙМАҒАНОВ Сатыбалды (1882. Көкшетау өңірі - 1962, сонда) - халық ақыны. Халық
жырларын жаттап айтумен бірге өзі де көптеген толғау жырлар, дастандар шығарған, айтысқа
қатысқан. "Айсары-Шорман", "Тәтібай мен екі батыр", "Азамат ерлер" деп аталатын дастандары
кең танымал болды.
АЙМАҚ Әбілда (13.4.1954 ж.т.. Оңт. Қазақстан обл. Ордабасы ауд-нына қарасты
Қ.Мұңайтпасов атынд. ұжымшар) - ақын. Халықар. қазақ-түрік ун-тін бітірген (1990). 1990
жылдан Қазақстан Жазушылар одағы облысаралық бөлімшесінің қызметкері. 1993 жылдан
директоры. Жырлары 1972 жылдан бері жарияланып келеді. 1984 ж, жас ақындардың дәстүрлі
жыр жинағы "Қарлығашқа" бір топ өлеңдері енді. А-тың шығармалары "Мерейлі
мекен","Мүшәйра-92" жыр жинақтары арқылы оқырманға таныла бастады. Ақынның "Ләйлә",
"Домалақ ана кесенесі", "Жүрегімде махаббат", "Алтын бесік", "Түркістан" атты кітаптары
жарық көрген. 1993 ж. республика ақындарының қатысуымен Алматыда өткен жабық
конкурстың бас жүлдегері.