АЙМҰРЗАЕВЖәлел (1889, Бат. Қазақстан обл. бұрынғы Тайпақ ауд. Қырыққұдық а. - 1969.
сон-да) - ақын. Ауыл мектебінен оқып, хат таниды. Кейін Оралдағы орыс-қазақ мектебіне түсіп
білім алады. 20 ғ-дың 20 - 30-жылдары болыстық мекемелерде хатшылық қызмет атқарды. ауыл
мұғалімі болды. Айтыстары мен өлеңдері "Пернедегі термелер"(1965), "Ленин деп халық
жырлайды"( 1969 ), "Айтыс"(2-т., 1966) жинақтарына енген.
АЙНА Төлебайұлы (т.ж.б. қазіргі Қарағанды обл. Нұра ауд. - шамамен 1900. сонда) - ақын. Шөже ақынмен жиі кездесіп, сөз қағыстырған. Айтыс өнерінің дүлдүлдері Кемпірбай, Құлтума, Есенбай
ақындармен жыр додасына түскен.
АЙНАБЕКОВ Кәрім (5.10.1940 ж. т., Оңт. Қазақстан обл. Ордабасы ауд. Бадам ст.) - ақын.
Новосібір электротех. ин-тын және ҚазҰУ-ды бітірген. Шымкент обл. өндірістік-тех. байланыс
басқармасында бөлім бастығы, кейін осы мекеме бастығының орынбасары қызметін атқарды. 1998
- 99 ж. Ақтөбе қалалық пошта бастығы болып еңбек етеді. Қазір "Қазақтелекомның" Ақтөбе обл.
дирекциясында қызметкер, "Таң сәрісі" (Алматы. 1977), "Махаббат моншақтары" (Ақтөбе, 1991),
"Сені іздеймін" (Алматы. 1994), "Күнім, күніңмін" (Алматы. 1998) атты жыр жинақтары жарық
көрген. Қырғыз жазушысы Таш Мияшевтің "Қоштасу" (Жолбарысты танисыз ба?) повесін, орыс
жазушысы А.Тельманның "Ар-ождан алдында" пьесасын қазақ тіліне аударған.
АЙНАБЕКОВ Қайып (18.5.1885. Қарағанды обл. Нұра ауд. Көбетай а. -29.1.1955. Қарағанды) -
ақын. Он бес жасынан өлең шығарады. Алғашқы өлеңдер жинағы "Қырдың қызыл гүлдері" 1928 ж.
жарық көрді. 1923 ж. Мәскеуде өткен Бүкілодақтық этнографиялық көрмеге қатысып, қобызда
ойнап, ән айтады. Сол жолы белгілі музыка зерттеуші А.В. Затаевич одан "Сұлушаш", "Қос
көтерме", "Әупілдек", "Назқоңыр", "Жеңеше" сияқты халық әндерін жазып алады. А. 1943 ж.
Қарағандыда өткен ақындар айтысына қатысты. І.Манкинмен, С.Әзденбаевпен, К.Елеуовпен
айтысты. Отан қорғауға шақырған патриоттық жырлар шығарып, қас батырларға арналған
"Әбдірдің Нұркені", "Ер Төлеген" толғауларын шығарды. Оның "Қолаң", "Алып туралы аңыз",
секілді эпикалық дастандары бар. Өлеңдері, дастандары мен айтыстары халық ақындарының
ұжымдық жинақтарында, 1958 ж. Мәскеуде орыс тілінде жарық көрген" Қазақ поэзиясының
антологиясында" жарияланған.
АЙНАТАСОВ Тәужи (1891. Қарағанды обл. Нұра ауд. - 1962. сонда) - ақын. "Бекбосын",
"Қойтасбайдың баласы", "Жаңа қала жайнаған" атты өлеңдері "Қарағанды жұмысшыларының
әңгіме-жырлары жинағында" жарияланған (1961).
АЙСА Байтабынов (1875. Ақгөбе обл. Қобда ауд. - 1955. сонда) - ақын. А-дан жазылып алынған
"Қобыланды", "Ер Сайын", "Көрұғлы", " Әуез батыр", "Телағыс" жырлары Орт. ғыл. кітапханада
сақтаулы. Ақын шығарм-ғы туралы Е.Ысмайыловтың "Ақындар" (1956) монографиясында,
"Қазақ совет энциклопедиясында" (1-т., 1972) жазылған.