Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»



Pdf көрінісі
бет3/157
Дата02.11.2022
өлшемі3,3 Mb.
#47031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157
Байланысты:
thesis147359

тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы жылғы 
Жолдауын жүзеге асыруға бағытталғанКешенді іс-шаралар түзілді. Осы арнада жаһандық 
сын-қатерлер мен қазіргі заманның күрделі үдерістерін парасатпен жеңуге, кемелдік пен 
мейірбандықты дәріптеуге негізделген ашық пікірлі алмасулар мен салиқалы сараптамалар 
зор үлес қосады деп сенемін.
Ұлы Дала тарихы – бір күнде зерттеліп, бағасы берілетін шаруа емес. Тарихты заттай 
деректер мен жазба құжаттардың көмегінсіз зерттеп әділ бағасын беру мүмкін емес екені 
белгілі. Сондықтан, кәсіби тарихшылардың жан-жақты ізденуін, ежелгі дәуірден сақталған 
тарихи деректерді мұқият зерделей отырып, адамзат баласының өткен тарихи жолын ғылыми
тұжырымдап, обьективті көзқарас ұстануда тәуелсіз елдің тарихшыларының көтерер жүгі 
барынша салмақты болмақ.
Демек, ұлт тарихының өзекті тұстарына қатысты көзқарасты анықтап алмай, әрі 
бабаларымыздың жүріп өткен жолын шынайылықпен беретін іргелі еңбектер жазылмай төл 
тарихты ұлықтау әсте мүмкін емес. Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынов: «Сөздің ең ұлысы, 



ең сипаттысы – тарих» деген болатын. Демек, тарихымызды бүтіндеу – өскелең ұрпақ 
тәрбиесінің толыққанды болуының басты кепілі болмақ. Тарихты тану – тағылымды іс, әрі 
ұлттың мерейін тасытып, рухын көтереді. Ұлы даланың мақтан тұтарлық төл тарихы
мәдениеті мен өнегесі бар екені сөзсіз. Оны ұлықтау – ұлтты ұйыстыруға бастайды. 
Өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болатын бабаларымыздың асқақ рухы Ұлы Дала жерінің 
баға жетпес байлығын ұрпаққа аманат ету. Ұлы Дала жеріндегі тарихи оқиғалар мен 
құбылыстарды, халқымыздың отаншылдық рухының келбетін аша отырып, аса бай рухани 
тарихы бар ел ретіндегі түсінікті азаматтардың санасына берік ұялату арқылы қоғамның
рухани жаңғыруына жағдай жасау.
Бүгінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының басым 
бағыттары мен оның заңды жалғасы болып табылатын «Ұлы даланың жеті қыры» 
мақаласындағы жүктелген мідеттер біздің кәсіби жұмысымыздың құрамдас бөлігіне айналды.
Тарихымыздың мұндай міндетін бүгінгі күні университетіміздің тарихшы қауымы 
жеткілікті дәрежеде түсінеді. Сондықтан оқытушы-профессорлар құрамы «Ұлы дала 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет