Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет


Метрополитен экологиялық ахуалды жақсартып, көлік мәдениетін



бет37/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
43. Метрополитен экологиялық ахуалды жақсартып, көлік мәдениетін
қалыптастыра ма?

Метрополитен – қоғамдық көлік қатынасының соңғы үлгідегі әрі ең ыңғайлы түрі. Метрополитен терминінің өзі қоғамдық көліктің рельсті түрі деген мағынаны білдіреді. Бұл көлік түрі ең алғаш өткен ғасырда мәдениеттің астанасы саналатын Лондон қаласында іске қосылғанын білеміз. Бұл көлік түрі осы уақытқа дейін әлемнің алпауыт елдерінде, Будапешт, Париж, Вена, Берлин, тағы басқа қалаларда салынып, іске қосылған еді. Тұғырлы тәуелсіздіктің елімізге тарту еткен ең алып ескерткіштерінің бірі – Алматы метрополитені. Құрылысы 23 жылға созылған, Алматы қаласында орналасқан, әлемдегі ең жаңа метрополитен - өз күшімізбен салынған ғажайып құндылық десек, қателеспейміз. Осы орайда, метрополитеннің экологиялық ахуалға тигізер пайдасы, көлік мәдениетін қалыптастырып, дамытудағы рөлі өз алдына бөлек әңгіме. Метрополитеннің қоғамдық өмірге, қала ахуалына тигізетін пайдасын саралап, талдап көрейік.


Тәуелсіздік алған жылдардан кейін қоғамдық көлік қатынасының ең сапалы әрі жылдам түрінің басқа қалаларда емес, Елордада емес, Алматы қаласында салынуының өзіндік себептері бар. Алматы – Қазақстандағы ғана емес, Орта Азиядағы ең үлкен, тұрғындары жиі шоғырланған, қарқынды даму үстінде болатын, жастардың, болашақтың қаласы. ТМД-дағы 16-метро Тәуелсіздіктің 20 жылдығының қарсаңында, 2011 жылдың 1 желтоқсанында Алматы қаласында ащылып, өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда бұл метрода 9 бекет бар. Метрополитеннің салынуындағы басты мақсат – қаланың экологиялық ахуалын жақсартып, көлік кептелісін қысқарту, көлік мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасау. Еліміз үшін стратегиялық маңызды нысан болып саналатын Алматы метрополитенінің мынандай артықшылықтары бар:
Біріншіден, метрополитен, сөзсіз, экологиялық ахуалды жақсартуға үлес қосады. Себебі, қаладағы жер үсті қоғамдық көлік қозғалысының түрлері – автобус, троллейбус, машиналардан шығатын түтін, бензиндердің барлығы қала ауасының ластануына, экологиялық ахуалдың төмендеуіне ықпал етсе, метроның экологиялық ахуалға тигізер зияны мүлдем жоқ десек те болады.
Екіншіден, метрополитеннің қаладағы көлік кептелісінің сиреуіне, көлік мәдениетінің қалыптасуына тигізер ықпалы зор. Алматы – алып шаһар болғандықтан, барлығымыз білеміз, қаладағы көлік қозғалысы, кептеліс мәселесі күнделікті діттеген жерімізге жетуде көптеген кедергілер келтіреді. Ал, метрополитен арқылы кез келген жерге еш кептеліссіз, кешігусіз бару мүмкіндігі бар.
Үшіншіден, жоғарыда атап өткен қаладағы кептеліс, ығы-жығы болатын көлік қозғалыстарының салдары жол-көлік апаттарына ұшыратып жататынын барлығымыз көріп жүрміз. Осы тұрғыдан алғанда да, метрополитеннің көлік мәдениетін дамытудағы рөлі аса маңызды екеніне көз жеткізе аламыз.
Төртіншіден, метрополитен арқылы жол жүру құны да қарапайым халық үшін өте ыңғайлы, қолайлы бағада қойылған.
Бесіншіден, метрополитен соңғы үлгідегі заманауи технологиялармен жабдықталған, күту аялдамалары таза, жарық әрі кең, әр бекеттің атауы, метрополитен ішінде сақталуы қажет ережелер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтылып тұрады. Көлік мәдениеті дегеніміз осы емес пе?
Қорытындылай келе, метрополитен – мемлекетіміздің, тәуелсіздігіміздің ең ірі жемісі. Метрополитеннің қоғамдық өмірде, қала өмірінде, экологиялық ахуалды жақсарту мен көлік мәдениетін қалыптастыру үрдісндегі алар орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет