Нақты сандар облысында нольдің мынадай қасиеті бар екенін білеміз, ноль мен кез



Pdf көрінісі
бет90/131
Дата24.03.2022
өлшемі1,67 Mb.
#28682
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   131
аталып жүр ) көптеген әртүрлі терминдермен атаулар бар. 
Тақырыбымызды  бұрын  соңды  зерттелуі  толықпаған,  Батыс  ән  мектебіне  тән  домбыра 
қағыстары  жайлы,  әдіс-амалдарды  үйрету  тәсілін  талқылағымыз  келіп  отыр.  Осы  Батыс  ән 
мектебінің  ұлы  әнші-композиторлары  қалыптастырған  тәжірибесін  сақтай  отырып,  қолдан 
келгенінше кейінгі ұрпаққа аталған аймақтың әнін бұзбай жеткізу – қасиетті борыш. 
Батыс  ән  өңірінің  дәстүрлі  ән  өлеңдерінің    зерттеулері  әлі  толықтай  делік  жетілмеген. 
Жоғарыда  айтып  кеткеніміздей  өңірдің  кейбір  ғұрыптық  және  тұрмыстық  фольклорына 
байланысты  нота  үлгілерінің  аздығы,  аймақтың  кәсіби  әншілік  өнер  тұлғаларының  (Мұхит, 
Қайып,  Жеті  қайқы)  авторлық  жеке  даралығын  тереңірек  түсіну,  олардың  өнер  мұраларын, 
айбындылықтың, ұлылықтың бағасын, жаңашылдығы мен талантын, ерекшелігін, музыкалық-
поэзиялық  стилін  сипаттайтын  теориялық  өңдеулер  әлі  де  қажет-ақ.  Батыс  өңірінің 
музыкалық  фольклоры  мен  Мұхит  сал  бастаған,  Бегей  Қайып,  Жеті  қайқының  кәсіби  әндері 
бүтіндей  делік,  өңірдегі  тарихи  дәуірдің  дәстүрлі  стильін  құрайды.  Батыс  өңірінің  ән-өлең 
стилінің  құрылған  алуан  жүзді  құбылыстары,  дәстүрлі  әндердің  жалында,  өткір  жақтарын  – 
функционалды-жанрлы,  поэтикалық  бейне  сипаты,  музыкалық  тіл  мен  сырт  пішіннің 
құрылуы,  көркемді-объективті  жағынан  тұтас.  Қазіргі  жағдайда  өзекті  міселелердің  бірі, 
Батыс  өңірінің  ән-өлеңдерін  трансляциялау  болып  табылады.  Музыкалық-теориялық 
пәндерде,  материалдың  теориялық  мазмұны,  практикалық  әрекетінде  жүретін  этносоль-
феджио  курсында  іске  аспақ.    Этносольфеджио  пәні  бойынша,  жұмыстың  практикалық  түрі 
өңделуі  қажет,  синтездік  дәстүр  ауызша  жүрсе,  сондай-ақ,  практикалық  түрі  жазбаша 
мәдениетпен  қалыптасады.  Осы  екі  әдісті  біріктіре  отырып,  терең  ойшыл  музыкант-тұлға, 
орындаушылық дәстүрді жалғаструшыларды және бірден-бір өзіндік қазақ халқының дәстүрлі 
мәдениетін сақтайтын мамандарды тәрбиеліп қалыптастырады.  
Қазақ  фольклор  үлгілерінен  бастап  жоғары  дәрежелі,  яғни,  кәсіби  әншілік  және 
эпикалық  өнердің  жанрларын  қамтитын  қазақ  материалына  негізделіп  құрастырылған 
сольфеджио  жинақтары  жоқтың  қасы.  Ал  аймақтың  әдет-ғұрып,  тұрмыс-салт  үлгілерін  және 
халықтың  шығармалар  мен  ауызша  кәсіби  авторлар  туындылары,  Батыс  әншілік  мектебінің 
негізін  салушы  Мұхит  сал  мұрасының  және  өңірлік  қайқылар  әндерінің  авторлық 
қолтаңбалары  Батыс  Қазақстан  өңірлеріндегі  музыкалық  материалын  құрауы  қажет. 
Сондықтанда Қазақстанда фольклор үлгілерінен бастап Батыс Қазақстан кәсіби әншілік және 
өңірдегі эпикалық өнердің жанрларын қамтитын, жалпы осы өңірдің материалына негізделіп 
құрастырылған этносольфеджио курсына арнайы нота құралы жеткіліксіз болып отыр.  
Дәстүрлі  музыкада  кәсіби  трансляциялау  Ұстаз-шәкірт  жүйесі  бойынша  жүзеге  аскан 
болса, ол сондай-ақ жалпы мәдени, жоғары кәсіби орындаушылық, әншінің мінез құлқын, биік 
эстетикалық  талғамын  да  қалыптастырып  отырды.  Бұл  жүйе  әннің  териялық,  тарихи 
жақтарын  да,  жалпы  дәстүрлі  музыканы  терең  меңгеруге  үлкен  мүмкіншіліктер  туғызды. 
Қазіргі европаланған оқыту жүйесі  дәстүрлі музыка мен дәстүрлі мәнедиеттің құндылығының 
қыр-сырын  өз  жүйелеріне  толық  дерлік  енгізбегенінің  кесірінен,    терең  теориялық  және 
философиялық білім жағынан толық  көңіл бөлінбей шетте қалып отыр.  
Этносольфеджио  курсы  жайлы  А.  Байбек  өз  диссертациялық  жұмысында:  «Дәстүрлі 
музыканттарды  дайындау  барысында  дәстүрлі  мәдениет  пен  музыканың  құндылығы  Қазақ 
ұлттық  консерваториясында  1973  жылдардан  Б.  Аймановтың  эксперементтерімен  бейімделе 
бастады.  Б.Амановтың  бастаған  оқыту  жүйесі,  практика  мен  ғылыми  зерттеулерге  сүйене 


~ 205 ~ 
 
отырып,  өз  кезеңімен  қалыптасты.  1991  жылы  жаңа  курстың  әдіснамасы  халық  музыка 
факультеттерінің студенттеріне арналған  Б. Айманов, А. Мухамбетова, С. Раймбергенова, С. 
Утегалиева,  Г.  Омаровалардың  бағдарламаларында  негізін  тапты.  1988  жылы  «халық  әні» 
мамандығының ашылуына байланысты А. Байгаскинаның еңбектеріне сүйене отырып, дәстүрлі ән 
орындаушыларына 
арналған 
С. 
Райымбергенова 
мен 
А. 
Байбектің 
жетекшілігімен 
этносольфеджио курсы құрастырылды» [2] 
Егер  дәстүрлі  кәсіби  ән  өнеріне  байланысты,  соның  ішінде  Батыс  Қазақстан  дәстүрлі  ән 
өнерін  қамтитын  қазақ  материалына  негізделіп  құрастырылған  этносольфеджио  жинақтары 
толығымен  дерлік  қамтылса,    жоғарғы  оқу  орындары  мен  колледждерде,  оқушылар  мен 
оқытушыларға,  сондай  ақ  кәсіби  әнші-орындаушылар  да  өз  қажетін  табар  еді.  Сондықтан  біз 
жалпы  Батыс  Қазақстан  өңірін  қамтитын  дәстүрлі  өлең-ән,    (фольклолық  және  кәсіби  жанрлар) 
саласындағы  бүкіл  қолда  бар  басып  шығарылған  материалынан  таңдап  отырып,  жұмысымызды 
этносольфеджио курсына арналған жинақ ретінде қарастыруды көздейміз.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет