232
шынықтыру үзілістері, ұзақ үзілістегі дене жаттығулары мен арнайы
сауықтыру жұмыстары жатады. Мҧндай шараларды ӛткізу маңызды
және ол мынадай міндеттердің шешімін қамтамасыз етуі керек: оқу кҥнінде
қозғалыс режимін белсенді ету және оқушылардың кҥнделікті тҧрмыс-
тіршілігін дене тәрбиесін енгізу, олардың денсаулығын нығайту және
қозғалыс мәдениетін жетілдіру, ақыл-ой тазалығын қамту және оқу
қызметінде жҧмыс қабілеттілігінің тиімді деңгейін ҧстау, ҧйымшылдық пен
саналы тәртіп дағдыларын қалыптастыру.
Шаралардың мазмҧнын, жаттығуларды ҧйымдастыруды тәсілдерін
және шараларды ӛткізу әдістерін анықтағанда, біріншіден, оқушылардың
әртҥрлі
қҧрамының
жас
ерекшеліктерін
және
олардың
дене
дайындықтарының деңгейі; екіншіден, оқу еңбегінің әсер ету сипатын;
ҥшіншіден, жҧмыс қабілеттілігінің кҥні бойғы ӛсуін; тӛртіншіден, жаттығу
ӛткізетін жағдайлардың ерекшеліктерін ескеру қажет.
Мынадай жағдайларды сақтағанда, дене тәрбиесі шараларының
педагогикалық және сауықтыру тиімділігі жоғары болмақ:
а) жаттығу орнының, әсіресе бӛлмеде ӛткізгенде, тиісті санитарлық-
тазалығын сақтағанда;
ә) мектептің педагогикалық ҧжымының барлық мҥшелерін, дене
шынықтыру белсенділерін, т.б. тартумен, оқу сабақтарының жаттығуды
орындауға
ауысқанда, физиологиялық
заңдылықтарды есептегенде;
б) әрбір жаттығу тҥрінің әдістемелік ережелерімен және міндеттерімен
сәйкестікте жаттығуды біртіндеп орындағанда;
в) жаттығуды ҥлгілі тҥрде кӛрсетуде, оқушыларға тҥсінікті атауды
пайдалана отырып, қысқа
және анық етіп, дәл тҥсіндіргенде;
г) организмге жалпы қалыпты әсер етуді қамтамасыз ететін, әдеттегі
дене және психикалық салмақ жағдайындағы жаттығулар жҥйелі болғанда.
Сабаққа дейінгі гимнастика - кҥн сайын әр ауысымның бірінші
сабағының
алдында
оқушылардың
5-6
жаттығулар
жиынтығын
орындауымен, тӛменгі сыныптарда тӛрт минуттан алты минутқа дейін,
қалғандарында 12-15 мин. аралығында ӛткізіледі.
Міндеттері: а) оқу кҥнін ҧйымдасқан тҥрде бастау; ә) алдағы оқу
қызметіне оқушылар организмін даярлау; б) организмнің маңызды
жҥйелерінің, әсіресе орталық жҥйке жҥйелерінің
функционалды жағдайын
оңтайландыру.
Жаттығу ҥшін топтарды екі аралас сыныптардың оқушыларынан
қҧрастыру. Бҧлай болғанда, жаттығу кешенінің және қайталаудың мазмҧнын
анықтау қиын болады.
Жаттығу кешенінің мазмҧнын мҧғалім жасайды және 2-3 апта бойына
біртіндеп жаңартылады. Организмнің қалыптасу жағдайына байланысты
ӛзінің физиологиялық тиімділігін жоғарылататын, жаттығушылар шапшаң
игеретін жаттығуларды бірінші кезекте алмастыру керек. Жаттығуды
ҥйренуді дене тәрбиесі сабақтарымен сабақтастықта ҧйымдастырған тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: