«Назарбаев Зитякерлік мектептері» дббұ Үлгі



бет2/6
Дата07.06.2023
өлшемі113 Kb.
#99400
1   2   3   4   5   6
Д (мак 6 )
Коммуникация

Мәселеге дербес баға бере білу; авторлық ой қорытуы анық және мазмұнының айқындылығы; дәлелдердiң логикалық жүйелілігі; ұсынылған тезистердің сауатты аргументтермен берілуі; әртүрлi көзқарастар және олардың дербестігі; тұжырымдамалардың мазмұны және олардың интерпретациясының ортақ формасы көтерілген мәселенiң жанрына сәйкес келуi; автордың салқынқандылықпен ой қорыта білуі; автордың өз тұжырымдамаларындағы жаңалықты, сонылықты айқын ұғынуы.

ІІІ. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жалпы критерийлері



Критерийлер

Оқушы жетістігінің ең жоғары деңгейі

А

Білім және түсіну

6

В

Қолдану

6

С

Анализ және синтез

6

D

Коммуникация

6

Барлығы

24



VІ. Бағалау критерийлерінің дескрипторы:



Критерийлер

Жетістік деңгей

Дескрипторлар



А
(мак 6)
Білім және түсіну

1

Тақырыптың негізгі идеясын айқындауда алшақтық бар. Көтерілген мәселеден ауытқыған. Қолданылған ұғымдардың 1-2-еуі ғана тақырыпқа сәйкес. Көтерілген мәселенің теориялық мәнін толық ашпаған.Жұмысты базадан төмен деңгейде орындаған.

2

Тақырыптың негізгі идеясын айқындаған. Көтерілген мәселеден ауытқымаған. Қолданылған ұғымдар тақырыпқа сәйкес. Көтерілген мәселенің теориялық мәнін ашқан. Қойылған талаптарды толық қамтуға тырысқан. Бірақ мысалдар, сыни көзқарастар танытуда қалыпты шеңберден аспаған. Қаралатын ұғымдарды айқындауда шашыраңқылыққа бой ұрған. Жұмыс жасауда өзіндік дербестiк танытпаған. Жұмысты базалық деңгейге жуық орындаған.

3

Тақырыптың негізгі идеясын айқындаған. Көтерілген мәселеден ауытқымаған. Қолданылған ұғымдар тақырыпқа сәйкес. Жұмыс жасаудағы өзіндік дербестiгі бар. Көтерілген мәселенің теориялық мәнін ашқан. Қойылған талаптарды толық қамтуға тырысқан. Бірақ мысалдар, сыни көзқарастар танытуда қалыпты шеңберден аспаған. Қаралатын ұғымдарды айқындауда шашыраңқылыққа бой ұрған. Жұмысты орта деңгейде орындаған. Жұмысты базалық деңгейде орындаған.

4

Тақырыптың негізгі идеясын айқындаған. Көтерілген мәселеден ауытқымаған. Қаралатын ұғымдарды айқын және тиiстi мысалдар тудыра толық анықтаған. Қолданылған ұғымдар тақырыпқа сәйкес. Жұмыс жасаудағы өзіндік дербестiгі бар. Көтерілген мәселенің теориялық мәнін ашқан. Қойылған талаптарды толық қамтуға тырысқан. Бірақ мысалдар, сыни көзқарастар танытуда қалыпты шеңберден аспаған. Жұмысты орта деңгейде орындаған.

5

Тақырыптың негізгі идеясын айқындаған. Көтерілген мәселеден ауытқымаған. Базадан жоғары деңгейде тың мысалдар, сыни көзқарастар, суретті - бейнелі сөздер қолданған. Қаралатын ұғымдарды айқын және тиiстi мысалдар тудыра толық анықтаған. Қолданылған ұғымдар тақырыпқа сәйкес. Жұмыс жасаудағы өзіндік дербестiгі бар. Көтерілген мәселенің теориялық мәнін ашқан.
Қойылған талаптарды ортадан жоғары деңгейде орындаған, яғни елеусіз 1-2 қателік жіберген.

6

Тақырыптың негізгі идеясын айқындаған. Көтерілген мәселеден ауытқымаған. Базадан жоғары деңгейде тың мысалдар, сыни көзқарастар, суретті - бейнелі сөздер қолданған. Қаралатын ұғымдарды айқын және тиiстi мысалдар тудыра толық анықтаған. Қолданылған ұғымдар тақырыпқа сәйкес. Жұмыс жасаудағы өзіндік дербестiгі бар. Көтерілген мәселенің теориялық мәнін ашқан.Қойылған талаптарды жоғары деңгейде орындаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет