«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Басқарма шешімінің 2020 жылдың


Құрдас  Оқушыларды өзара оқыту ресурстары,  құралдары ретінде қолдану Оқушылар



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата19.10.2022
өлшемі0,65 Mb.
#44216
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Құрдас 
Оқушыларды өзара оқыту ресурстары
құралдары ретінде қолдану
Оқушылар 
Оқушылардың өз білімдерін өздері 
«жасаушылар/құрушылар» ретінде қалыптасуы
Мәліметтер қалыптастырушы бағалаудың бес негізгі стратегиялардан 
тұратынын көрсетеді: 
• Бағалау критерийлері мен күтілетін нәтижелерді түсіндіру; 
• Оқушылардың түсінгені туралы дәлелді көрсететін сыныптағы өзара 
әрекет пен тиімді тәсілді қалыптастыру; 
• Оқушыларды нәтижеге жетуге ынталандыратын кері байланыс беру; 
• Оқушыларды өзара оқу ресурстары, дереккөздері ретінде қатыстыру
• Оқушыларды өз білімдерін өздері «жасаушылар/құрушылар» ретінде 
қалыптастыру. 


12
 
 
Білімді толық меңгеру теориясы
 
Б.Блумның білімді толық меңгеру теориясы (Learning for mastery, 1970) 
жақсы оқитын оқушы мен нашар оқитын оқушы нәтижелерінде 90% 
айырмашылық болатынын түсіндіретін негізгі үш факторды анықтайды.
Бірінші фактор оқушылардың жаңа тапсырмаларды шешуді меңгеріп, оқу 
үдерісіне бейімдей алатын түрлі білімі мен қабілеттерін диагностикалауды 
болжайды. Бұл нәтижелердің қорытынды айырмашылығын 50%-ға дейін 
қысқартуға мүмкіндік береді.
Екінші фактор болашақта оқуды ынталандыруға ерекше әсер ететін
алғашқы келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған эмоционалдық қолдау 
көрсетуді болжайды. Нәтижесінде жетістік қорытындысының айырмашылығын 
25%-ға дейін қысқарту мүмкін болады. 
Үшінші фактор оқу ортасы мен уақытты есепке ала отырып, оқу үдерісін 
ұйымдастыру кезінде жеке қолдау мен марапаттауды ұсынады. Осылайша
қорытынды нәтиженің 25% ерекшелігі қысқаруы мүмкін. 
Білімді толық меңгеру теориясы жиынтық бағалау кезінде балдарды 
есептеу әдістемесі мен баға қою механизмін анықтаудың негізі болып 
табылады. Тоқсандық жиынтық бағалау мен бөлім/ортақ тақырыптар бойынша 
жиынтық бағалаудағы балдардың түрлі әсер етуі тоқсанның соңына дейінгі 
қорытынды бағаны жақсартуға мүмкіндік береді.
Тоқсан барысында оқушылар алғашқы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша 
жиынтық жұмыста төмен балл алса, онда қорытынды нәтижені жақсарту 
мүмкіндігі сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет