Название документа: дфл


ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ



бет13/27
Дата30.03.2023
өлшемі171,16 Kb.
#77825
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

  1. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және/немесе Шартқа сәйкес жауапты болады.

  2. Лизинг алушы Шартта көзделген өз міндеттемелерін бұзған жағдайда тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) және Шартқа №5-қосымшада көрсетілген өзге де сомаларды төлейді, сондай-ақ Лизинг берушіге міндеттемелерді бұзудан келтірілген барлық шығындарды, оның ішінде Лизинг алушының міндеттемелерін орындауды алу жөніндегі Лизинг берушінің шығындарын және Лизинг алушының Шарт бойынша өз міндеттемелерін бұзуы салдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Лизинг беруші төлеуге жататын кез келген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді өтейді.

  3. Шартта көзделген өсімпұл, егер Тараптардың келісімі өзгеше белгіленбесе, Лизинг алушының Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған күні бойынша міндеттеме бұзылған күннен кейінгі күннен бастап есептеледі. Лизинг алушыға Шартқа сәйкес берілген айыппұл сомасына өсімпұл есептелмейді.

  4. Лизинг алушы үшінші тұлғаларға да, мүлікке де, сондай-ақ Лизинг нысанасын сақтау, ұстау немесе пайдалану процесінде қоршаған ортаға келтірілген кез келген залал немесе зақымдану үшін жауапты болады және Лизинг берушіге қойылуы мүмкін барлық көрсетілген талаптар мен наразылықтар бойынша жауап береді. Бұл ретте, Лизинг нысанасын сақтау, ұстау немесе пайдалану процесінде біреуге келтірілген кез келген залал және (немесе) зақымдану жөнінде кез келген шағымдар, талаптар немесе наразылықтар Лизинг берушіге ұсынылмауы тиіс және Лизинг алушы көрсетілген шағымдардан, талаптардан немесе үшінші тұлғалардың шағымдарынан Лизинг берушіні қауіпсіздендіруге міндеттенеді.

  5. Лизинг алушы, Лизинг нысанасының өз функцияларын жоғалтуына әкеп соққан, Шартта көрсетілген Лизинг нысанасын күтіп-ұстау мен жөндеу шарттарын бұзған жағдайда, Лизинг алушы мұндай бұзушылықтарды жоюға, Лизинг нысанасын қалыпты тозуды ескере отырып Лизинг беруші берген жай-күйіне дейін Лизинг нысанасын қалпына келтіруге міндетті.

  6. Лизинг алушы шарттың 6.4-тармағының 7) тармақшасын бұзған жағдайда, оның ішінде Лизинг алушы кез келген негіздер мен себептер бойынша САСШ жасасқаннан кейін Лизинг нысанасын уақытша иеленуге және пайдалануға алудан бас тартқан жағдайда, Лизинг алушы Берешекті төлеуге міндетті. Бұл ретте Лизинг төлемдері, Лизинг алушының Қатысуы, Шарт бойынша Лизинг алушы жүргізген Қосымша шығыстар қайтарылмайды.

  7. Тараптар, егер орындамау, төтенше сипаттағы оқиғалар нәтижесінде, Шарт жасалғаннан кейін туындаған, Тараптар алдын ала біле алмаған немесе ақылға қонымды шаралармен алдын ала алмаған, еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күш мән-жайларына Тараптар әсер ете алмайтын және туындауы үшін олар жауап бере алмайтын оқиғалар: жер сілкінісі, су тасқыны, ереуіл және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де оқиғалар жатады. Бұл жағдайда Шартта көрсетілген міндеттемелерді орындау бойынша белгіленген мерзімдер форс-мажорлық жағдайлар қолданылатын мерзімге ауыстырылады. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін болмаған Тарап жоғарыда көрсетілген мән-жайлардың басталғаны және тоқтатылғаны туралы олар басталған сәттен бастап 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей екінші Тарапқа жазбаша нысанда хабарлауға міндетті. Жоғарыда көрсетілген оқиғалардың бар-жоғы және олардың ұзақтылығының дәлелі тиісті мемлекеттің уәкілетті органдарының актілері болып табылады. Егер бұл мән-жайлар 60 (алпыс) күнтізбелік күннен астам уақытқа созылатын болса, Тараптар Шартты бұзуға құқылы, бірақ Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуды жүзеге асырған жағдайда ғана.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет