Название документа: дфл


ЛИЗИНГ НЫСАНАСЫНА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЛИЗИНГ АЛУШЫНЫҢ МЕНШІГІНЕ ӨТУ ШАРТТАРЫ



бет12/27
Дата30.03.2023
өлшемі171,16 Kb.
#77825
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
ЛИЗИНГ НЫСАНАСЫНА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЛИЗИНГ АЛУШЫНЫҢ МЕНШІГІНЕ ӨТУ ШАРТТАРЫ

  1. Шарт мерзімі ішінде Лизинг нысанасына меншік құқығы Лизинг берушіге тиесілі, соңғысы Лизинг нысанасының меншік иесі ретінде өз қалауы бойынша Лизинг нысанасына билік етуге құқылы.

  2. Лизинг алушы Лизинг нысанасын уақытша иеленуге және пайдалануға алған күннен бастап Лизинг нысанасының сақталуы үшін жауапкершілікті және Лизинг берушінің оған меншік құқығын үшінші тұлғалардың қол сұғушылықтары мен талаптарынан қорғау, Лизинг нысанасының жоғалуын немесе бүлінуін болдырмау жөнінде қажетті шаралар қабылдау міндетін өзіне қабылдайды. Егер Лизинг берушінің Лизинг нысанасына меншік құқығы күмән туғызса немесе бұзылса және егер бұл Лизинг берушінің өзінің іс-қимылының нәтижесі болып табылмаса, онда Лизинг алушы бар талаптарды жою жөніндегі барлық шығыстарды өзіне алады.

  3. Егер Тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, Лизинг нысанасын немесе оның бөліктерін пайдалану нәтижесінде алынған өнім немесе өзге де табыстар, сондай-ақ Лизинг нысанасының бөлінетін жақсартулары Лизинг алушының меншігі болып табылады.

  4. Лизинг алушының Лизинг нысанасына билік етуге құқығы жоқ, сондай-ақ Лизинг берушінің жазбаша келісімінсіз Шарт бойынша талап ету құқығына билік етуге құқығы жоқ.

  5. Лизинг нысанасына меншік құқығы Лизинг алушыға Шарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін немесе ол аяқталғанға дейін, бірақ мынадай шарттар сақталған кезде кез келген жағдайда ауысады:

    1. Лизинг алушының барлық берешекті төлеуі;

    2. Тараптар арасындағы Шарттан және (немесе) өзге де келісімдерден туындаған өзге де міндеттемелерді орындау;

    3. Лизинг алушыдан Лизинг берушінің интернет-ресурста орналастырылған нысан бойынша еркін айналым үшін Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінген сәттен бастап 5 жыл мерзім өткенге дейін Лизинг нысаналарын ажыратпау туралы кепілдік міндеттеме алған жағдайда.12

    1. Лизинг нысанасына меншік құқығының ауысуын тіркеу Лизинг алушының күшімен және қаражаты есебінен жүргізіледі.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет