Неологизмдерді анықтау критерийлері


Жаңа атаулар жасап, ұсынушы авторлар



бет7/8
Дата07.02.2022
өлшемі1,27 Mb.
#24934
1   2   3   4   5   6   7   8
Жаңа атаулар жасап, ұсынушы авторлар

Қазіргі кезеңде де сөз жасау, термин жасау үдерісі жалғасып, сан түрлі жаңа атаулар тілдік қолданысымызға еніп жатыр. Оны жасап, ұсынушы автордың көпшілігі арамызда жүр. Мәселен, белгілі журналист «Президент және халық» газетінің редакторы Марат Тоқашбаевтың қаламынан «әнұран», «елтаңба», «ақорда», «доғарыс», «кәдесый», «тосынсый» сияқты атаулардың туындағанын, журналист-қаламгер «Ана тілі» газетінің бас редакторы Самат Ибраимның ұсынысы бойынша «нарық» (рынок), одан туындаған «нарықтық экономика» атауларының қолданысқа енгенін, «төлқұжат» атауының авторы журналист, ақын-сатирик марқұм Басқар Битанов екенін айналасындағы жекелеген әріптес қаламгерлер болмаса, жалпы көпшілік қауым біле бермейді.

Академик Р.Сыздықованың «Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар, 2009» атты еңбегінде лексикалық ескі бірліктер мен лексикалық жаңа бірліктердің теориялық негіздері мен принциптеріне тоқталып, қазақ тіліндегі жаңа бірліктердің қалыптасуы мен дамуының кезеңдік сипатына, олардың типтері мен әдеби тіл нормасына ену әлеуетіне, прагматикалық сипатына ғылыми‐танымдық тұрғыдан зерттеу жүргізілген.

Неологизмдер – тарихи категория, өйткені олар тек белгілі бір кезеңге дейін ғана жаңа сөз ретіндегі қалпын сақтайды да, бара-бара қалыптасып тілдің сөздік құрамына енеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет