Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет200/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   250
Ермурат Каукенович Тышканов 

Қаракөл орта мектебінің 

химия, биология пәнінің мұғалімі 

Керей ауылы, Құлынды ауданы, Алтай өлкесі. 

 

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Негізгі және орта мектепті оқушыларында функционалдық сауаттылықты 



дамыту,  қабілетті  және  құзыретті  тұлғаны қалыптастырудың жолдарына,  әдіс-

тәсілдеріне талдау жасалған. 



 

Түйін  сөздер:  Функционалдық  сауаттылық,  танымдық  қабілеттері, 

пәнарлық байланыс. 

 

Негізгі  және  орта  мектепті  бітірушілермен  қазіргі  қоғамға  қажетті 



функционалдық 

сауаттылыққа, 

қабілетті 

және 


құзыретті 

тұлғаны 


қалыптастыруға  оқушылардың  жалпы  білім,  білік  дағдыларын  дамытпай,өз  іс 

әрекеттерін  жобалау  мен  бағалауды  үйренбей  қол  жеткізу  мүмкін  емес.  Бұған 

қол  жеткізу  мәтінді  сараптау,  фактілерді  жинақтау  мен  салыстыру,  өзінің 

жұмысын  бақылай  білу  біліктерін  қалыптастырудағы  білім  алу  еңбегінің 

оңтайлы  әдістері  жағдайында  мүмкін  болады.  Егер  оқу  процесінде  оқушының 

жас  ерекшеліктеріне  қарай  даму  кезеңдері  ескерілсе,  жасөспірім  кезеңіне 

ерекше  назар  аударылатын  болса,онда  мұндай  жаңаша  білім  беру  дағдылары 

оның белсенділігі мен жаңалыққа қызығушылығына қарай білім алу дағдысын 

қалыптастыру үшін жағымды мүмкіндіктер жасайды. 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытудың  басты  мақсат 

жалпы білім беретін мектептерде,  және рухани тұрғысынан дамыған азаматын 

қалыптастыру,  оның  физикалық  құбылмалы  әлемде  әлеуметтік  бейімделуін 

қамтамасыз  ететін  білім  алудағы  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  болып 

табылады. 




588 

 

Функционалдық  сауаттылық  бұл,  адамдардың  әлеуметтік,  мәдени,  саяси 



және  экономикалық  қызметтерге  белсене  араласуы,  яғни  бүгінгі  заман 

ағымына,  жасына  қарамай  ілесіп  отыруы,  адамның  мамандығына,  жасына 

қарамай үнемі  білімін жетілдіріп  отыруы.  Зерттеушілердің  болжамы  бойынша 

адамдардың  сауатсыздық  деңгейінің  төмендеуі,  оларға  дұрыс  білім  беріп, 

тиянақты  оқытпаудан,  оқырман  болуға  үйретпеуден  болған  көрінеді. 

Сақтанбау,  ұқыпсыздық,  байқаусыздық,  апаттар:  мұның  бәрі  ережені  дұрыс 

оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр. 

Қазіргі  әлемдік  білім  кеңістігіндегі  халық  аралық  стандарт  талаптарына 

сай оқыту  үдерісінің орталық  тұлғасы білім  алушы  субъект,  ал  ол  субьектінің 

алған  білімінің  түпкі  нәтижесі  құзіреттіліктер  болып  белгіленуі  білім  беру 

жүйесінде  «функционалдық  сауаттылықты»  қалыптастыру  мәселесін  негізге 

алудың  өзектілігін  арттырып  отыр.  Осыған  орай  алған  білімдері  негізінде 

әрекететуге  қабілеттілік  пен  даярлықты  білдіретін  құзыреттіліктерді 

қалыптастыру үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын 

жалпы  білім  беретін  орта  мектептердегі  әрбір  пәнді  оқытудың  да  басым 

бағыттарының бірі болып табылады. 

Функционалдық  сауаттылық  оқушылардың  танымдық  қабілеттерінің 

деңгейін  және  оқушылардың  өнімді  жұмысының  көрсеткішін  білім  деңгейі 

ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әр түрлі саласындағы тапсырмаларды 

шешуде  мектептік  білім  мазмұнының  қолданбалық  сипатына  және 

оқушылардың игерген біліміне негізделеді. Сондықтан, қоғамдағы өмірлік пен 

практикалық  іс-әрекеттердің  дағдылары  мен  әлеуметтік  іс-тәжірибені  меңгеру 

үшін  оқушылардың  білім  алу  барысында  негізгі  және  пәндік  құзыреттіліктері 

қалыптасуы  тиіс.  Оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылығын  аттыру  үшін 

мұғалім  шебер  болуы  керек.  Ол  баланы  қалай  оқыту,  оның  сабаққа  деген 

ынтасын қалай ашуға болады деген сұрақтар төңірегінде жұмыс жасауы тиіс. 

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту нәтижесі: 

1. Басқарушылық /проблеманы шешу қабілеті/ 

2.  Ақпараттық  /өзіндік  танымдық  қызметке  қабілеті  немесе  өмір  бойы 

білім ала білуі/ 

3. Коммуникативтік /қарым-қатынас жасау қабілеті/ 

4. Әлеуметтік /әлеуметтік топта жұмыс жасау қабілеті/ 

5. Тұлғалық /өзін-өзі жетілдіру,төзімді болу қабілеті/ 

6. Азаматтық /Жаупкершілікті сезіну қабілеті/ 

7. Технологиялық /сандық технологияларды пайдалану қабілеті/ 

Осы  құзырлықтарды  бала  бойына  қалай  қалыптастырып  отырмыз?  Ол 

үшін  оқушының  білім  деңгейіне  сай  оқушы  ойланатындай,  ізденетіндей 

тапсырмалар  арқылы  жүйеленуіне,  тапсырмаларды  шешуде,  мектептік  білім 

мазмұнының  қолданбалық  сипатына,  оқушының  игерген  біліміне,  сол  секілді 

оқушының  білімді,  жаңалықты  өзінің  айналасынан  іздеуіне,  көре  білуіне 

мүмкіндік туғызу керек. 

Функционалдық  сауаттылықты  қалыптастырудың  мұғалім  үшін  басты 

ұстанымы:  Нені  оқыту  керек?,  Балалар  қалай  оқиды?,  Оқыту  реттілігін  қалй 



589 

 

құрылымдау  керек?,Табысты  бала  білгеніңізді  қалай  бағалау  керек?  Түрлі 



тапсырмалар  орындату  барысында  оқушылар  бойында  өз  іс-әрекетіне  қажетті 

өзгерістерді,  жаңа  әдіс  тәсілдерді  дер  кезінде  қабылдау  дағдыларын 

қалыптастыру қажет. 

Әр  түрлі  берілген  тапсырмаларды  орындау  барысында  оқушылар 

бойында мынадай дағдылар қалыптасады: 

1.  Мәселерді  шешу  дағдылары.  Өз  бетінше  ізденіп,  талдап,  оны  таңдай 

біліп, қызығушылығы артады. 

2. Топта, жұппен жұмыс істеуі өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін 

білу  арқылы  түрлі  әлеуметтік  топтарда  жұмыс  істей  білу  дағдылары 

қалыптасады. 

3.  Шешімдер  қабылдаумен  жауаптылыққа  бейімділігі,  жүйелік  әдістер 

мен жүйелік сараптамаларды пайдалану дағдысы. 

4. Өзінің шығарып отырған есептерінің өмірмен байланысына көз жеткізе 

отырып, әр ісіне жауапты қарауға өз мүмкіндігін нақты перспективалық жоспар 

құрып салыстыра білу дағдысы. 

5.  Түрлі  тапсырмаларды  шешу,  оқушылардың  өз  ойлауын,  нақты  мінез-

құлықтарын қалыптастыру, өзіндік әрекеттерге бағыттау дағдысы. 

Осы дағдылар арқылы оқушы бойында мынадай сапалар қалыптасады: 

 

Белсенділік 



 

Шығармашылық тұрғыда ойлау. 



 

Шешім қабылдай алу 



 

Өз кәсібін дұрыс таңдай алу 



 

Өмір бойы білім алуға дайын тұруы . 



Мектептегі 

оқытудағы 

кедергілерде 

кездеседі. 

Олар 

мектеп 


оқушыларының  әлемдегі  ақпаратты  тұтастай  емес  бөлшектеп  білуімен 

шектелуі; Алдыңғы өткен білімдерін, бүгінгі материалдармен басқа пәндермен 

байланыстыра отырып жаңғырта алмауы; Мұғалімдер үшін оқушылардың алған 

білімдерінің  тиянақты  болуына,  сапалы  меңгеруіне,  алған  білімдерінің  жақсы 

дамуына жол ашуға пән мен пәнді байланыстыра оқытудағы байланысты жаңа 

әдіс  тәсілдердің  жетімсіздігі.  Осындай  кедергілер  бар,  бірақ  осы  кедергілерді 

оқыту  үрдісіндегі  технологиялар  ондағы  әдіс  тәсілдерді  үйреніп,  оқу  арқылы 

бала бойына сіңіре білу ізденіспен ұштастырып көздерін жеткізу жұмыстарын 

жүргізу қажет. 

Химия  сабағында  оқушылардың  бойына  функционалды  сауаттылықты 

қалыптастырудың жолдары: 

 



Химия  сабағын  тарих,  астрономия,  география,  экономика,  музыка, 

биология, физика, философия пәндерімен байланыстыра дамытуымыз қажет. 

Бұл  дегеніміз  оқушылардың  химияның  өмірмен  байланысын  ашуда 

қоршаған  ортадағы  күрделі  мәселелерді  өз  бетімен  шеше  алуына,  өзіндік 

көзқарасының жан - жақты дамуына зор мүмкіндік береді. 

 



Мұндай  пәнарлық  байланысты  сабақтастыра  өткізген  сабақтарда 

оқушы тек өзіндік моделімен шектеліп қалмайды, өзі шешім қабылдай отырып, 

іс- әрекетті жаңаша ойлау арқылы жаңа нәтижеге қол жеткізе алады. 



590 

 



 

Пәнаралық  байланыста  өткізілген  сабағында  оқушы  бойына 

жинақтайтын  қазіргі  заман  мұғалімі  ақпарат  ағымына  ілесе  алатын,  оны 

сараптап, қажетін таңдап есептегі мәселені тауып, оны шешу жолдарын табуға 

қабілетті болуы қажет. 

 



Бұл  ретте  функционалдық  сауаттылықты  дамыту  нәтижесі  білім 

алушылардың оқушыларға алған білімдерін практикалық жағдайда тиімді және 

әлеумттік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік береді. 

 



Функционалдық  сауаттылық  білімді  бөлшектеп  беруден  аулақ  бола 

отырып,  әлемді  тұтас  білімде  беруге  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Білім 

дағдылырын  қалыптастыру  -  бұл  зерттеушілік,  ғылыми  және  тәжірибелік  іс-

әрекеттерге апаратын жол. Осы мәселе орыс педагогтарының еңбектерінде көп 

көрініс  тапты.  Бұл  тарапта  В.А.Сухомлинскийдің  «Мектептің  жас 

ерекшеліктерімен әңгіме» еңбегі өте қызғылықты. Бұл еңбегінде оқу процесінде 

оқушы  меңгеруге  тиіс  12  маңызды  дағдыны  атап  көрсетті.  Олардың 

кейбіреулерін атап өтейік: 

1. Бірнеше объектіні, затты, құбылысты ойлау, салыстыру және ойлау. 

2.  Оқылған  тақырыптың  логикалық  аяқталған  бөлімін  анықтау,  олардың 

арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуелділікті табу. 

3. Өзін қызықтырған мәселе бойынша кітаптан материалдарды табу. 

4. Оқу процесінде есепке алдын ала сараптама жасау. 

5.  Есепті  оқи  отырып,  бір  мезгілде  мәтінмен  және  логикалық  құрамдас 

бөліктерімен жұмыс істеу туралы мұғалімнің нұсқауын тыңдау. 

Белгілі  бір  уақытта  білім  мен  білікті  ғылыми  негізде  реттеуге  құрылған 

оқытуды басқару, орта білім берудің мықты негізі, яғни дұрс оқуды меңгеруді 

үйретуге  мүмкіндік  береді.  Балаға  қиын  тапсырма  бермес  бұрын  оны  күрделі 

дағдылар мен қаруландыру керек. Білім дағдысын меңгеру оқу материалының 

құрылымына  байланысты.  Берілген  тарау  мен  тақырыптың  логикалық  және 

дидактикалық сипаты қарастырылған жөн. Логикалық құрылым сол тақырыпқа 

кіретін түсініктер мен пікірлердің арасындағы ішкі байланыстыр жүйесі ретінде 

сипатталады. Оқу материалының логикалық құрылымының негізгі элементтері 

қандай факторларға байланысты екендігін көрсетеді. 

Бұл факторлар: 

1.  Кезкелген  белгілі  заңдылықтарды  шешу  үшін  қандай  түсініктер  мен 

пікірлер пйдаланылады? 

2.  Пайымдау  процесінде  түсініктер  мен  пікірлер  арасында  қандай 

байланыстар мен қатынастар бар? 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет