Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет116/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

237- 
сурақ. Ж уйке (нерв) жуйесінің қурылым принципімен қызметі 
қандай?
Ж үйке жүйесі жүйке ұлпасынан қүралған. Ал, жүйке үлпасы өз 
кезегінде жүйке торшаларынан — нейрондардан, жөне жүйкелік гли- 
ядан -  нейроглиядан, түрады. Нейроглия торшалары нейрондар ара- 
лығында орналасады да, оларды біріктіре, дөнекерлей отырып, тіректік, 
қорғаушы және нөрлік (трофикалық) қызмет атқарады.
Ж үйке торшалары жүйке жүйесінің қүрылымдық жөне өрекетгік 
(функционалдық) негізі болып табылады. Нейронның ядролы денесі
223


(тұлғасы) жөне одан ж ан-ж аққа тарайтын бір ұзын, көптеген қысқа 
өсінділері  болады.  Қ ы сқа өсінділер  - дендриттер,  ал  ұзын өсінді  — 
нейрит,  немесе  аксон,  деп  аталады.  Дендриттер  сырттан  келетін 
тітіркеністерді  қабылдап,  нейрон денесіне  өткізеді,  ал нейриттер  - 
нейрон денесінде пайда болтан тітіркеністі басқа нейрондар дендритгері 
ұшына,  немесе атқарушы мүшеге  (құрылымға), жеткізеді.  Нейрон 
өсінділері  сыртынан қабықпен қапталып, жүйке талшықтарына, ал 
олар топтаса келіп, жүйке тамырларына (нервке) айналады. Бір жүйке 
тамырдың қүрамында бірнеше мың,  немесе миллион,  талшықтар 
болады.  Осыдан жүйке тамыры жүйке талшықтарының будасы бо- 
лы п   табылады.  Ж үй ке  там ы рлары ны ң  негізгі  қы зм еті  -  нерв 
импульстерін өткізу.  Тітіркеніс (импульс) деп тітіркендіру нөтижесінде 
нерв жүйесінде туындаған процесті айтады.
Нерв жүйесі ішкі және сыртқы өсерлерді қабылдап,  оған жауап 
беру нөтижесінде организмді қоршаған ортаның құбьишалы жагдайына 
бейімдейді. Сонымен қатар нерв жүйесі әр түрлі мүшелердің, ұлпа- 
лардың,  торшалардың  қызметін  реттеп,  оларды  өзара  үйлестіріп, 
организмнің біртұтастығын  қамтамасыз  етеді.  Демек,  нерв  жүйесі 
жеке  мүшелер  мен  бүкіл  организмнің  күрделі  әрекетін  басқарып, 
түрлі физиологиялық процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді.
Нерв жүйесі жан-жануарлар мен адамда үзақ эволюциялық даму 
нәтижесінде пайда болтан жөне сыртқы ортаның түрлі құбылыста- 
рының әсерінен өзгеріп, күрделеніп отырады. Алгашқы нерв жүйесі 
іш ек қуыстыларда (медуза,  актиниялар)  пайда болады,  бірақ оның 
қүрылымы  өте  қарапайым  келеді.  Бұл жагдайда  нерв  элементгері 
эпителий астында орналасады да, құрылымы жағынан толық жетілмей, 
организмде нерв торын қүрайды.  Ганглийлер  (түйіндер) осы торда 
шашыраңқы  орналасады.  Бұл  баяндалган  құрылым  нерв жуйесінің 
диффузиялық (шашыраңқы) турі.
Э волю циялы қ  қатарда  пайда  болтан  нерв  ж үйесінің  келесі 
күрделірек түрі — туйіндік (ганглийлік) нерв жуйесі болып табылады. 
Ол былқылдақ денелілерде,  құрттарда,  буын аяқтыларда кездеседі. 
Бұл жагдайда нерв торшалары организмнің ұзына бойында дененің 
жеке сегменттерінде түйін қүра орналасады. Аталган түйіндер бір- 
бірімен жөне дененің жеке бөліктерімен нерв торшаларының өсінді- 
лері, - нерв талшықтары, арқылы байланысады.
Н ерв ж үйесінің ең  күрделі жөне жетілген түрі  — т утікт і нерв 
жуйесі.  Ол омыртқалы жануарлар мен адамга төн.  Нерв жүйесінің 
бұл түрі  нерв торш аларыны ң арнаулы түтікш елердің ішінде  шо- 
гырлануы  нөтижесінде  пайда  болады да,  ол  орталық жөне  шеткі 
бөлімдерге айқы н бөлінеді.  Нерв жүйесінің орталық бөлімін жұлын 
мен ми қүрайды да, шеткі бөлімі нерв торшаларының өсінділерінен
224
пайда  болады.  Осы  аталган  нерв  ж үйесінің  негізі  —  нейрондар 
болып табылады.
Филогенездік даму үстінде нерв жүйесі қүрылымының өзгеруімен 
байланысты оның қызметі де күрделенеді. Нерв жүйесімен қозу тол- 
қынының таралу шапшандыгының өсуіне  байланысты,  оны ң қоз- 
гыштыгы мен функционалдық өзгергіштігі артады.  Нерв жүйесінің 
түйіндік  түрінде  сыртқы  әсерге  жауап  қайтарудың  рефлекстік 
принципі, - қозуды рецепторлардан нерв түйіндері арқылы атқарушы 
органга беру қабілеті, пайда болады. Түтікті нерв жүйесі деңгейінде 
нерв жүйесі қызметіндегі рефлекстік приніщп сапалық жагынан жетіле 
түседі де,  нерв жүйесінің өрекетінде  шартгы  рефлекстік механизм 
пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет