Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы «Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі



бет15/18
Дата07.01.2022
өлшемі92,64 Kb.
#19226
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Сараш Маржа – найман еліндегі бір рулы ауыл. Сараш Маржа – Қожағұл атты кісінің бәйбішесі екен. Өзі жуастау адам болған да бәйбішесі адуынды, сөзшең болған соң ел арасында балаларын бәйбіше аты Маржанбике сөзін қысқартып «маржан» атап кетіпті.

Аққоян. Орта жүз арғын ішінде іргелі рулардың бірі қуандық болса, сол Қуандықтың бірінші әйелінен – Қарпық, Өмір, Темір, Есен, Қарт туылады. Екінші әйелінен – Алтай жалғыз екен. Алтайдың бірінші әйелі Аққояннан - Әліке, Байдалы, Сайдалы туған. Бұлардан өрбіген ұрпақ шешелерінің атымен «Аққоян» аталады. Алтай жайлы ел арасында мынадай аңыз бар көрінеді. Қуандық балаларына дүние-мүлкін бөліп берместен қайтыс болады. ол міндетті Қуандықтың үлкен ұлы Қарпық орындайды. Бірақ Қарпық дүние үлестіргенде тоқалдан туған деп Алтайға жөнді дүние-мүлік бермей қояды. Қанша рет теңдей бөліп беруін өтінсе де Алтайдың сөзіне құлақ аспайды. Ағаларына ренжіген Алтай Ерейтендегі қанжығалы Ішпек байға келіп, жылқышы болады. малдың жай-күйін жақсы білетін Алтай Ішпек байдың көзіне түсіп қосағасы болады. Күндердің бір күнінде Алтай байға келіп осы жылы жұт болатынын, ұсақ малды сойып етін кептіріп алуды, ал жылқыны Тарбағатайға қарай өзіне тапсыруын сұрайды. Ішпек бай Алтайдың жұт белгісін толық біліп жүргеніне ырза болады да, айтқанын істеуге келіседі. Сөйтіп, жат жұртта жүрген жігіт байдың жиырма мың жылқысын айдап жылқышыларымен бірге Тарбағатайға тартады. Көктем келіп, жұттан әупірімдеп шыққан ел-жұрт Алтайдың тезірек оралуын күтеді. Күндердің бір күні Алтай жер қайысқан қалың жылқыны айдап ауылға келеді. Бұл ісіне риза болған бай үлкен қызы Аққоянды Алтайға ұзатып, шаңырағын тіктейді. Өмірге Әліке, Байдалы, Сайдалы деген үш перзент әкелген соң Аққоян қайтыс болады. «Алтайдан кіндігімді үзбеймін» деген бай кіші қызы Тоққоянды да береді. Сөйтіп олардан өрбіген ұрпақ өздерін шешелерінің атымен атап кетеді [13, 178-179].

Алтыншаш. Орта жүз қыпшақ Тоқтар бидің бәйбішесі Алтыншаштан – Бұлтын, Торы, Көлденең, Ұзын, Қарабалық атты бес бала туылады. Бұл бес баалның өсіп-өнген ұрпағы бес рулы елге ұласқан. Шежірешілер осы бес атаны қалың қыпшақ ішінен даралап, аналарының атымен «Алтыншаш» деп те атайды.

Апай. Орта жүз тарақты тайпасының құрамындағы он екі ата рудың бірі апай аталса, енді бірі тоқтауыл аталады. Апай Тоқтауылдың жағалбайлы еліне ұзатқан апасы(әпкесі) екен, бала көтермепті. Күйеуі дүние салған соң еліне қайтып келіпті. Сонда Тоқтауыл апасының көңілін аулап, бір баласын апайының бауырына салады. Сол баладан өсіп-өнген ұрпақ «Апай» аталады. Осы күнге дейін тарақты ішіндегі апай мен тоқтауыл рулары өзара қыз алыспайды, бір атаның балаларымыз деп [13, 28 ].

Әлеуке. Орта жүз тарақты тайпасы он екі рудан құралған. Олар: қыдыр, жәші, әлі, сары, әйтей, қосанақ, қарашие(көгедей), келіс (әлеуке), алакөз, шәуке, апай, тоқтауыл. Шежіре дерегінде Келістің әйелі Әлеуке деген кісіден ұл бала болмапты. Содан өзімен қадірлес күндесінің баласын етек астынан жерге түсірмей көтеріп алып,бауырына басқан екен. Сол баланың өсіп-өнген тұқымы Әлеуке апасының есімімен аталып кетіпті [13, 28 ].

Баян. Шежіре дерегі бойынша Орта жүз қоңырат тайпасының үлкен бір бұтағы – жаманбай деп аталады. Жаманбайдан – Қылбелбеу, құрбан, Қараша, Қырғызалы деп аталатын аталар өрбіп, әрқайсысы рулы елге ұласқан. Осылардың Қылбелбеуінен – Жауғашқы, Ноғай, Шоқпарлы, Қира аталары тарайды. Бұл аталардың ішіндегі Ноғайдың бір бұтағы – Қарамойын Тоқас, келесі бұтағы – Баян есімді әйел атымен аталады. Яғни, Ноғайдың әйелдерінің бірі Баянның бауырынан шыққан балалар өз алдына бір атаға ұласқан.

Қарақыз. Қыпшақ Тоқтар биден бес ұл – Бұлтын, Торы, Көлденең, Ұзын, Қарабалық туған. Олардан өрбіген ұрпақ бес рулы ел болғанда, осылардың қарабалығынан қарақыз деп аталатын бір ата тарайды. Қарақыздың шын аты Қарашаш екен, өңінің қараторылығына орай Қарақыз аталып кеткен. Қарабалықтың Шоманақ деген ұлы болыпты. Шоманақтан Тауқұрыш жалғыз туыпты. Сол тауқұрыштың сырт тұлғасы көзге қораштау болса керек, біразға дейін үй болып, бас құрайға орайы келмейді. Сол кезде Ұлы жүз Үйсіннің ішінде Беген, Шеген деген ағайынды екі бай болады. Соның Шегенімен Шоманақ дос болса керек. Бірде Шоманақ досына қолқа салады: «Бегенде бойжеткен қыз бар, бізде ержеткен ұл бар. Ебін тауып екеумізді құдандалы етсеңші», - дейді. Бұл сөзге құлақ асқан Шеген ағайыны бегенннің қызын Шоманақтың баласы Тауқұрышқа қашыртып жібереді. Арада бірер жыл өткен соң араларында бір бала болып, ағайын арасындағы өкпе-наз басылады. Төркіндеп келген қыздарына Қарақыздың жеңгелері күйеуінің қораш түрін бетіне басады. Табан астында өлеңмен жауап берген Тауқұрышты қайын жұрты «ерке күйеу» атандырып, қадірлейтін болыпты. Сол Қарақыз бен Тауқұрыштың арасынан Жөке, Жолтай атты екі ұл туған. Кейін рулы елге айналып, шешелерінің атымен «Қарақыз» атанып кетеді.

Мақпал. Орта жүздегі арғын руының ішіндегі іргелі рулардың бірі – сүйіндік. Сол сүйіндіктен – Суғаншы, одан – Жанболды, Құлболды, Жолболды туған. Құлболдының Мақпал деген бәйбішесінен – Күлік, Тұлпар, Айдабол туған. Осы ұлдарының ішінде әсіресе Айдаболдың есімі тек арғынға ғана емес, маңайындағы бүкіл елге танылса керек. Үлкендер бата бергенде: «Айдаболдай бол» деп тілек білдіреді екен. Мақпал бәйбішеден өрбіген ұрпақты ел іші «Мақпал Бәйбішенің балалары» деп атап кеткен көрінеді.

Момын. Қазақтың қария сөзінде Орта жүз Арғынның Ергүл атты бәйбішесі ақылына көркі сай адуынды адам болыпты. Келін боп түскен соң Арғыннан Тоты атты қыз бен Мейра (Мейрамсопы) атты ұл туып, баладан тоқтап қалса керек. Біраз жыл күтсе де ақыры болмайды. Әрі ойланып, бері оцланып Ергүл бәйбіше бір шешімге келеді: «отағасының бауырын суытпайын, жорықта жүргенде Ұлы жүз Бәйдібек бидің қызына көзі түсті деп еді. Сол қызға өзім барып құда түсейін!» - дейді. Жөн-жоралғысын сайлап жолға шығады. Келсе Бәйдібек би ауылы орнында екен. «Бастасымның бәйбішесі келді» деп Бәйдібек қуана қарсы алады. Сол күні түнде Момын қыз түс көреді. Түсінде бір ақиық қырақ аспаннан сорғалап келіп Момынға жеті рет түседі. Қыран бүркіт әрбір түскен сайын Момынның бауырына бір-бір жұмыртқа пайда болып, жетіге жетеді. Сол жеті жұмыртқаны қызқтап, бауырына басып жатқанда одан жеті балапан шығады. Жетеуі де жұтынып, көктегі қыран әкесіне қарап, қанаттарын сабалай бастағанда Момын оянып кетеді. Ерке де еркін өскен қыз түсін таңғы шайда үй ішіне айтады. Түстің жоруын Ергүл бәйбішеге береді. Көктен тілегені жерден табылған бәйбіше келген шаруасымен сабақтай отырып, Момынның түсін былай жориды: «Ақиық қыран – Арғын би болар, аңсары ауса айналып қонар. Өңдеріңде танысып, түстеріңде табысып жүрсеңдер, бір-біріңе ықыластарың ауғаны болар! , - деп келіп, Бәйдібек биге жүзін бұрып сөзін жалғайды. –Уа, Бәйдібек би, қызыңның бауырына береке дариын деп тұр екен, бастасыңа қи, менің де ниетім қабыл болып, көңілім толып қайтсын!», - дейді. Әрі ойланып, бері ойланып Бәйдібек би келісімін береді. Осылайша арғын би Момынға үйленеді. Момы қыздың түсінде кқргені өңінде келіп, Арғыннан жеті ұл көреді. Ол жетеуі өсіп-өніп «Жеті Момын» аталады. М.Ж.Көпейұлы Момыннан өрбіген деп қанжығалы, тобықты, қарауыл, бәсетиін, атығай, дәуіт аталарын атайды.

Мұрын. Наймани ішіндегі қаракерейлерден өрбіген аталардың бірі – байыс. Шежіре деректерінде Байыстың бес баласының бірі – Сары. Сарының бәйбішесінің есімі Жүзбике екен. Мұрны үлкен кісі болса керек. Осы Жүзбикеден өсіп-өнген ұрпақтың «Мұрын» аталуы содан еді дейді. Кейбір шежіреде Жүзбике Байыстың бәйбішесі екені айтылады. Байыс Жүзбикеден – Сармырза (Сары), Мақта есімді екі бала көреді. Ерлі-зайыптылардың бір-бірін атымен атамайтын дәстүрі бойынша, Байыс бәйбішесінің мұрындылау болғанын меңзеп «Мұрын» деп атайды екен. Мұрын әулетке ұйытқы болған ана. Сондықтан да басқа екі тоқалдан туған балалары да бәйбішенің бауырына кірсе керек. Мұрын ауыздан жоғары ел деген сөз ел арасында жиі айтылады. Мұндағысы мұрын елі 17 болыс болған екен. Көптігін меңзесе керек. Сондай-ақ «мұрын- жұртта қалған жұрын» деген сөзді мұрыннан тарайтын ел көп болғанмен, елге сыйлы бай адамдары аз, жұртта көше алмай қалып қоятын жұрындары көп деген мәнде айтады екен [14,343 ]. Шәкәрім қажының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбегінде мұрын руу жөніндегі пікірі мынадай болыпты: «Байыстың бәйбішесінен төрт баласы – Мәмбетқұл, Сыбанқұл, Ахметқұл, Сары. Мәмбетқұл кішкене кезінен өкпешіл болып, қыржиып отыра бергендіктен Қыржи атанды. Сыбанқұл Сыбан атанды, Ахметқұл Ақымбет атанды. ... Сарының нәсілі сол шешелерінің атымен Мұрын атанды», - дейді [14, 64].

Тәуке. Орта жүз ішіндегі мейрамсопыдан тараған аталардың бірі – бәсентиін болса, шежіре дерегі бойынша сол Бәсентиіннен – Әйтей туады. Әйтейдің Тәуке есімді тоқалы Тәуке өте ақылды, мейірімді және өмірді болжағыш адам болса керек. Содан болар, бүкіл Әйтей ұрпағы өздерінің тегін ектегенде «Тәукеміз» деп отырады. Яғни елге ұйытқы бола білген ақылды ана жұрт аузына ілініп, бүкіл Әйтей ұрпағы «Тәуке» атанып кеткен.

Тоққоян. Орта жүз арғын ішіндегі іргелі рулардың бірі қуандық болса, сол Қуандықтың бірінші әйелінен – Қарпық, Өмір, Темір, Есен, Қарт деген бес ұл, тоқалынан – Алтай жалғыз туыпты дейді. Алтайдың екінші әйелі Тоққояннан – Мойын, Кенжеқара туған. Бұлардан тараған ұрпақты шешелерінің атымен «Тоққоян» атап кетсе керек [14, 31].

Бәйбіше, Байбура, Қанымбике, Мұрат, Жүзік рулары. Орта жүз абақ керей 12 арыс ел болғанда, соның бірі – шұбарайғыр. Сол шұбарайғыр руының ішіндегі аталардың бірі – балта. Балта батыр әрі бай адам болғанға ұқсайды. Қарашаш деген жылғыз қыздан басқа перзент бомапты. Жау шапқыншылығынан аман қалған бес жігітті асырап алса да, үйленген соң бәрі опат болады. сөйтіп, Балта батыр бес жігіттің бес әйеліне үйленіп, олардан өсіп өнген ұрпақтары шешелерінің атымен Бәйбіше, Байбура, Қанымбике, Мұрат, Жүзік деп аталады. Шұбарайғыр ішіндегі бұл аталарды жинақтап «Бес жам шұбарайғыр» деп атайды. Онысы «бес жамағайын», яғни, «бес жамалған ағайын» дегені. Бес жамнан әйгілі Қожаберген батыр шығып, оның есімі иісі шұбарайғырдың ұранына айналған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет