НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет111/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   264
Сот жүйесін реформалау
Соттардың тәуелсіздігін нығайту
2000 жылдары еліміздегі сот жүйесінде едәуір өзгерістер болып, бұл 
саланы мемлекеттің басым міндеттеріне және қоғам қажеттіліктеріне сәй-
кестендірді. Соттардың мәртебесінің артуы, оларды мамандандыру, сот 
жүйесін атқарушы органдардың ықпалынан алып шығу мәселелері жаңару 
процесінің басты бағыттарына айналды.
2000 жылдың қыркүйегінде Жоғарғы сот (төрағасы Қ. Мәми) жанынан 
Сотты әкімшіліктендіру жөніндегі комитеттің құрылуы сот жүйесін рефор-
малаудағы және оның Әділет министрлігінен тәуелсіздігін қамтамасыз ету-
дегі маңызды қадам болды.
2000 жылдың желтоқсанында «Сот жүйесі және соттар мәртебесі тура-
лы» Конституциялық заң қабылданып, сот жүйесінің құрылым тәртібі мен 
қағидаларын және соттардың тәуелсіздігін нақтылай түсті, олардың әлеу-
меттік және құқықтық қорғалуын арттырды.
2001 жылы – экономикалық, 2003 жылы – әкімшілік, 2005 жылы – ара-
лық соттар құру процесі іске қосылды. Процеске қатысушы тараптардың 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
211
теңқұқықтылығын, адвокаттар алқасын күшейтуді және алдын ала тергеу 
ісін сот бақылауында ұстауды бекіту мәселелерін қамтамасыз ету шаралары 
қабылданды. 2001 жылы сот озбырлығы қатерін азайту үшін тәртіптік-білік-
тілік алқасы құрылды.
2002 жылдың қыркүйегінде менің Жарлығыммен Адам құқықтары жөнін-
дегі уәкіл (омбудсмен) институты құрылып, азаматтардың құқықтық жағынан 
қорғалуын күшейту жұмыстарын бастап кетті (алғашқы уәкіл Б.Байқадамов 
болды). Сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық құрылды.
2006 жылдың қаңтарында «Алқабилер туралы» заң қабылданды. Мұн-
да біз аралас үлгіні таңдадық – екі сот және тоғыз алқаби. Қылмыстық істі 
алқабилердің қатысуымен қараған алғашқы сот отырысы 2007 жылы Сол-
түстік Қазақстан облысында өтті. Сол кезден бастап өз істерін алқабилер 
сотына сеніп тапсырушылардың саны тұрақты түрде өсе берді.
Сот жүйесін жаңғырту бастамасы 2007 жылдан бастап сот процесін де-
мократияландыруға, сот органдары қызметінің тиімділігін арттыруға, сот 
қаулы-қарарларының міндетті түрде орындалу режимін нығайтуға бағыт-
талды. Осы жолдағы маңызды элементтің бірі – сот ісін еуропалық (құр-
лықтық) модель бойынша жүргізуге көшу болды.
Сот жүйесін реформалау аясында ювеналды әділет бойынша халықа-
ралық жоба жүзеге асырылды: 2007 жылдың тамыз айында Астана және 
Алматы қалаларында кәмелетке толмағандар ісімен айналысатын алғашқы 
ювеналды соттар құрылды. Осы тәжірибені ескере келе, мұндай соттар 
кейінірек барлық облыстарда да пайда болды.
Сот жүйесі туралы заң 2008 жылдың қазан айында конституциялық тү-
зетулерге сәйкестендірілді. Нәтижесінде үш сатылы сот жүйесі пайда бол-
ды: бірінші инстанция соттары (аудандық), апелляциялық инстанция (об-
лыстық) және Жоғарғы сот.
2009 жылдың тамыз айында мен 2010–2020 жылдар аралығына ар-
налған Құқықтық саясат тұжырымдамасын бекіттім. Кешенді бағдарлама-
лық құжат ретінде, ол жалпы құқықтық реформа процесі аясындағы сот 
жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын белгіледі. Тұжырымдама барлық 
сатылардағы сот ісін жүргізуді жетілдіре түсуді, соттардың мәртебесін кү-
шейтуді, біздегі сот жүйесінің айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз етуді 
көздеді. Бұл құжат Қазақстан соттарының құқыққорғаушылық әлеуетін жү-
зеге асыруға даңғыл жол ашып берді.
2009 жылдың қарашасында өткен соттардың V съезінде сөйлеген сөзім-
де мен сот жүйесінде шешілмеген мәселелер жеткілікті екенін атап көр-
сеттім. Азаматтардың сот жұмысындағы кемшіліктерге наразылық білдіріп, 
шағым түсірген мысалдарын көптеп келтіруге де болар еді. Съезде қатаң 


212
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
да ашық әңгіме болды, әлгіндей кемшіліктерді түбірімен жоюға бағытталған 
ұсыныстар айтылды.
Келесі кезеңде, 2012 жылы, сот тәуелсіздігін нығайту бағытына екпін 
түсірілді. Соттарға байланысты тәртіптік істерді қарау өкілеттігі Жоғарғы сот 
жанындағы Сот қазылар алқасына (төрағасы Б.Бекназаров) берілді.
Сот реформасы әділет жүйесін азаматтардың сұраулары мен мүдде-
леріне жақындатты, қазақстандықтардың соттарға деген сенім деңгейін 
жоғарылатты. Қазақстандық әділет жүйесінің барлық құрылымдарының 
қызметі мейлінше ашық бола түсті. Тараптарды соттан тыс араағайынның 
көмегімен татуластыру процесі – медиация институты құрылды.
Қоғам реформаланған сот жүйесін азаматтардың құқығын қорғайтын 
нақты механизм ретінде қабылдайтын болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет