Нұрсұлтан Назарбаев



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата03.03.2017
өлшемі14,94 Mb.
#6105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Ғиниетуллина  Гүлназ,  студенттер  ара-

сында  республикалық  пәндік  олимпиаданың 

жүлдегері.

- 1991 жылы Жаңақала ауданы, Бірлік ауылын-

да дүниеге келдім. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-

дың мәдени-демалыс жұмысы мамандығының 3 

курс студентімін.

 

Тәуелсіздікпен  бірге  өмірге  келіп,  сонымен 

бірге осындай бейбіт шақта өсіп келе жатқанымыз 

– біз үшін үлкен қуаныш. Білім, ғылым саласындағы 

жетістіктерім үшін ие болған  арнайы марапаттар 

көңілге  сенім  ұялатып,  жауапкершілігімді  одан 

сайын  арттыра  түскендей.  Ендігі  мақсат  –  осы 

тілектер  мен  сенімдерді  ақтау,  Отанымның 

жарқын келешегі үшін қолдан келгенше қызмет 

ету. Тек бейбіт заман болсын, халқым!



Шаримов  Алпамыс  Өскенбайұлы,  сту-

денттер  арасында  республикалық  пәндік 

олимпиаданың  жүлдегері,  ғылыми-тәжірибелік 

конференциялардың қатысушысы.



 

-  Мен  1991  жылы  Сырым  ауданы  Аралтөбе 

ау ы л ы н д а  д ү н и е г е  к е л д і м.  М.Ө те м і с о в 

атындағы  БҚМУ-дың  мәдени-демалыс  жұмысы 

мамандығының 3 курс студентімін. Тәуелсіздіктің 

құрдасы  болу  –  мен  үшін  үлкен  мәртебе.  Өз 

Отанымда тұрып, білім алып жатқанымды мақтан 

етемін.  20  жылда  талай  шыңды  бағындырып 

үлгерген  Отаным  әлемдік  аренада  да  өзін               

мойындатып үлгерді. Еліміз өсіп-өркендей берсін,  

келешегі жарқын боларына мен сенемін. Біз де 

соған өз үлесімізді қосып, өзіндік қолтаңбамызды 

қалдырайық, достар!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл. Егемен еліміз биыл торқалы тойын атап өтпек. Сан ғасыр ата-бабамыздың асыға күткен асыл 

да асқақ арманы жүзеге асты. Әлемдік саяси картада дербес мемлекетіміздің пайда болған күні жас мемлекетте дүние есігін ашқан сәбилер бүгін 

елімізбен бірге ер жетіп, бой түзеуде. Азат елдің дарынды ұл-қыздары тәуелсіздікпен бірге қалыптасты десек те болады. Олардың бірі спортта оза 

шапса, екіншісі өнерімен өзгені тәнті етіп жүр. Тағы бірінің білім көкжиегінде алар орны ерекше. 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да 800-ден астам тәуелсіздік құрдастары білім алуда. Олар биыл 20 жасқа толып отыр. Тәуелсіздік құрдастары кімдер, 

олар қандай, нені армандайды екен? 

Өзіндік «Мені» қалыптасқан, арманға бай, әрі оны жүзеге асыруға ерік-жігері жетер жастар мақсатшыл да!

Б о р о д к и н   Г р и г о р и й   А л е к с е е в и ч , 

Пауэрлифтингтен  Қазақстан  Республикасы  

чемпионатының, Азия чемпионатының жеңімпазы, 

Пауэрлифтингтен спорт шебері. 

- Мен тәуелсіздік құрдасымын. Орал қаласында 

дүниеге  келгенмін.  Биыл  20-ға  толдым.  Қазір 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың дене шынықтыру 

және спорт мамандығының 3 курс студентімін. Бұл оқу 

орнында оқи жүріп, көптеген жарыстарға қатысып, 

оқытушыларымның,  жаттықтырушыларымның 

еңбегімен  жетістіктерге  жеттім.  Менің  Отаным  - 

Қазақстан. Осы елде туылғанымды және БҚМУ-да 

білім алып жатқанымды мақтан етемін. Өз елімнің 

патриоты  болуыма,  еліміздің  өркендеуіне  өз 

үлесімді қосуыма сенім білдіремін!

Избасарқызы  Бақыт,  ҚР  Тәуелсіздігінің  20 

жылдығына арналған «Жастар мен Ғылым » атты 

студенттер мен магистранттардың 69-шы ғылыми-

тәжірибелік  конферециясының  жүлдегері,  «Мисс 

студенчества - 2011» байқауының  жүлдегері.

- Мен биыл 20  жасқа толдым. Атырау облысы-

Индер ауданы Индербор ауылында дүниеге келдім. 

Қазіргі таңда М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың шет 

тілі: екі шет тілі мамандығының 3 курс студентімін.

Өзге  тілдің  бәрін  біл,  өз  тіліңді  құрметте,-деген 

Қадыр  ақынның  жыр  жолдары  санамда  сайрап 

тұр.  Шет  тілін  жетік  меңгеріп,  Отаныма  адал 

қызмет ету арқылы Қазақстанды әлемге танытсам 

деймін.  Тәуелсіздігіміздің  20  жылдығында  еліміз 

талай  қиындықтарды  артта  қалдырып,  айтулы 

табыстарға  қол  жеткізгенін  мақтанышпен  айта 

аламыз. Беделді әрі қуатты мемлекетке айналып 

үлгерген Қазақстан – менің Отаным!



Мұстафа  Алмас  Әділбекұлы,  қалалық, 

облыстық  пікір-сайыс  турнирлерінің  жүлдегері, 

рес пу блика лық  ғылыми  конференцияның 

жүлдегері.  Қазақстан  Студенттері  Альянсы 

студенттік қозғалысының белсенді мүшесі.

 

-  1991  жылы  тарихи  өлке  -  Орал  қаласында 

дүниеге  келдім.  Бүгінгі  күні  еліміздің  іргелі  оқу 

орындарының бірі М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да 

шет  тілі:  екі  шет  тілі  мамандығы  бойынша  білім 

алып  жатқан  3  курс  студентімін.



  Егемен  еліміз 

Тәуелсіздігінің  20  жылдығын  тойламақшы.  Осы 

жылдар  ішінде  үлкен  жетістіктерге  қол  жеткізіп 

үлгерген еліміз Елбасының сындарлы саясатының 

арқасында әлі де биік белестерді бағындырарына 

сенемін  және  соған  өз  үлесімді  қоссам  деймін. 

Жасай бер, жайнай бер, Қазақстан!

Жәңгіров  Шынболат  Қуанышұлы,  ҚР  ЖОО 

арасындағы аймақтық шағын  футбол ойындарының  

жүлдегері.

-  Шыңғырлау  ауданы  Ащысай  ауылында 

дүниеге келген мен осы жылы 20 жас мерейтой-

ымды  тойладым.  М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ-да 

физика мамандығы бойынша білім алып жатқан 4 

курс студентімін.  Жалпы жалпақ жұрттың барлығы 

өз  жастарына  сенеді.  Бұл  –  дәл  бүгінгідей  озық 

заманның өміршең талабы. Әсіресе, осы жиырма 

жылда  құлашын  кеңге  жайып,  бұғанасы  бекіген 

Қазақстан  үшін  бүгінгі  жас  толқынның  қажымас 

ерік-жігері  ауадай  қажет.  Тәуелсіздіктің  тамырын 

тереңге бойлатып, Қазақстанды мықты, іргелі елге 

айналдыру – біздің қолымызда. Сондықтан, біздер 

кез-келген бәсекеге төтеп беруіміз қажет.

Мен болашағыма сенемін!

Ғайсағалиев Ершат Жаскелеңұлы,  қалалық 

жастар арасындағы авторлық әндер фестивалінің 

жеңімпазы. 

- Орал қаласында 1991 жылы дүниеге келдім. 

М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ-дың  ғылыми  химия 

мамандығының 3 курс студентімін. 

Тәуелсіз мемлекетте өмір сүру  біздің басымызға 

берілген бақыт шығар. Өйткені тәуелсіз елде ғана 

жастар өсіп-өне алады. Оларға барлық жағдай жа-

салып, өз талабын әрі қарай ұштай түсуге мүмкіндік 

беріледі. Қалаған мамандығын алып, еркін еңбек 

етуге  құқы  болады.  Жастарға  әрқашан  қолдау 

көрсететін  Елбасымызға  алғысым  зор.  Өзімнің 

тәуелсіз Қазақстанның құрдасы екенімді және осы 

елдің азаматы болғанымды мақтан тұтамын.

Өркендей бер, туған ел!



Ґ

№ 13 (870)

 қараша 

2011 жыл


12

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:



1) ғибадат үйі (ғимараты) – құдайға құлшылық етуге, дұға 

оқылатын және діни жиналыстарға, діни тәу етуге (мінажат 

етуге) арналған орын;

2)  діни  қызмет  –  діндарлардың  діни  қажеттіліктерін 

қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

3) діни қызметші – діни, уағыздаушылық қызметке тиісті 

діни бірлестік уәкілеттік берген адам;

4) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, 

шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің 

ортақтығы  негізінде  діни  қажеттіліктерін  қанағаттандыру 

үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде 

белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

5)  миссионерлік  қызмет  –  Қазақстан  Республикасы 

азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, 

Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің 

атынан Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді 

таратуға бағытталған қызметі;

6) уәкілетті орган – діни қызмет саласындағы мемлекеттік 

реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының діни қызмет



және діни бірлестіктер туралы заңнамасы

 

1. Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни 



бірлестіктер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының 

Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан 

Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен 

тұрады.


2.  Eгep  Қазақстан  Республикасы  ратификациялаған 

халықаралық  шартта  осы  Заңда  көзделгеннен  өзгеше 

қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың 

нормалары қолданылады.

 

3-бап. мемлекет және дін

 

1. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.



2. Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының 

азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге 

көзқарасына қарамастан заң алдында тең.

3.  Ешбiр дiн мемлекеттік немесе  міндетті дін  ретінде 

белгіленбейді.

4.  Діни  білім  беру  ұйымдарын  қоспағанда,  Қазақстан 

Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни 

бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады.

5. Заңды діни қызметке кедергі келтіруге, жеке тұлғалардың 

дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарының 

бұзылуына немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай 

да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар 

мен орындарды бүлдіруге жол берілмейді.

6. Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 

діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, 

діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік 

қызметпен айналысуға құқылы.

7. Ешкімнің де өз діни нанымдары себептері бойынша 

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында 

көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ.

Діни қызметшілер, миссионерлер, діни бірлестіктердің 

басшылары немесе қатысушылары (мүшелері) болып табы-

латын Қазақстан Республикасының азаматтары саяси өмiрге 

Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен бірдей 

тек өз атынан ғана қатыса алады.

8.  Дін  мен  діни  бірлестіктердің  мемлекеттен  бөліну 

қағидатына сәйкес мемлекет:

1)  Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдік пен 

азаматтығы жоқ адамның дінге және ұстанатын дініне өз 

көзқарасын айқындауына, ата-аналардың немесе олардың 

өзге  де  заңды  өкілдерінің  балаларды  өз  нанымдарына 

сәйкес тәрбиелеуіне, мұндай тәрбиелеу баланың өмірі мен 

денсаулығына қатер төндірген, оның құқықтарына қысым 

жасаған және жауапкершілігін шектеген, сондай-ақ Қазақстан 

Республикасының конституциялық құрылысына, егемендігіне 

және аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған жағдайларды 

қоспағанда, араласпайды;

2) діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функция-

ларын орындауды жүктемейді;

3)  егер  дiни  бiрлестiктердiң  қызметi  Қазақстан 

Республикасының  заңдарына  қайшы  келмесе,  дiни 

бiрлестiктердiң қызметіне араласпайды;

4)  дiн  ұстанатын  және  оны  ұстанбайтын  Қазақстан 

Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы 

жоқ адамдар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бiрлестiктер 

арасында  өзара  төзушілік  пен  құрметтеу  қатынастарын 

орнатуға жәрдемдеседі.

9.  Дін  мен  діни  бірлестіктердің  мемлекеттен  бөліну 

қағидатына сәйкес діни бірлестіктер:

1) мемлекеттiк органдардың функцияларын орындамайды 

және олардың қызметіне араласпайды;

2)  саяси  партиялардың  қызметіне  қатыспайды, 

оларға  қаржылық  қолдау  көрсетпейді,  саяси  қызметпен 

айналыспайды;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын 

сақтауға мiндеттi.

10. Дiни негіздегі партиялардың қызметіне, мақсаттары 

мен іс-әрекеті мемлекетте бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, 

оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа 

үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен бай-

ланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға 

бағытталған діни бiрлестіктер құруға және олардың қызметiне 

тыйым салынады.

11. Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген 

тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне, сол 

сияқты Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер 

мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, 

діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) 

дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай 

да бiр күштеп мәжбүрлеуге жол берiлмейдi.

12.  Қазақстан  Республикасының  азаматтарына, 

шетелдіктер  мен  азаматтығы  жоқ  адамдарға  зорлық-

зомбылық көрсетумен немесе олардың денсаулығына өзге 

де зиян келтірумен не ерлі-зайыптылардың некесін бұзумен 

(отбасының бұзылуымен) немесе туыстық қарым-қатынастарды 

тоқтатумен, имандылыққа нұқсан келтірумен, адамның және 

азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, аза-

маттарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 

заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға 

мәжбүрлеумен және Қазақстан Республикасының заңнамасын 

өзге де бұзушылықпен ұштасатын діни бірлестіктер қызметіне 

жол берілмейді.

13.  Қазақстан  Республикасының  азаматтарын, 

шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде 

қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни 

бірлестіктерден  шығуына  кедергі  келтіретін,  оның  ішінде 

Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен 

азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де 

тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе 

күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасау жолымен не алдау жо-

лымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартатын діни бірлестіктердің 

қызметіне жол берілмейді.

14. Діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және 

дін  ұстанушыларын  діни  бірлестіктің,  оның  басшылары 

мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына 

өздеріне тиесілі мүлкін иеліктен шығаруға мәжбүрлеуге жол 

берілмейді.

15.  Дінді  және  діни  көзқарастарды  пайдалана  оты-

рып,  мемлекеттік  органдардың  қызметіне  қасақана  іріткі 

салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі 

басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді 

қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға жол берілмейді.

16. Діни бірлестіктің басшысы кәмелетке толмағандардың 

ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері 

қарсылық білдірген кезде кәмелетке толмағандарды діни 

бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол 

бермеу шараларын қабылдауға міндетті.

 

2-тарау. ДІНИ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ



МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

 

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

 

Уәкілетті орган:



1)  дiни  бiрлестiктермен  өзара  iс-қимыл  саласындағы 

мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға 

және iске асыруға қатысады;

2)  Қазақстан  Республикасының  аумағында  құрылған 

дiни  бiрлестiктердiң,  миссионерлердiң,  діни  білім  беру 

ұйымдарының қызметiн зерделеп, оған талдау жүргiзедi;

3) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсіндіру 

жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

4) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни 

бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар 

әзiрлейдi;

5)  діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл 

мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы 

бар  қалалардың  және  астананың  жергiлiктi  атқарушы 

органдарының қызметiн үйлестiредi;

6)  дiнтану  сараптамалары  және  діни  бірлестіктерді 

құруға бастамашы азаматтар тізімдеріне тексеру жүргiзiлуiн 

қамтамасыз етедi;

7)  жеке  және  заң ды  т ұлға лардың  Қ азақстан 

Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы 

заңнамасын бұзушылықтарға қатысты өтініштерін қарайды;

8) шет мемлекеттердiң діни қызмет саласындағы уәкілетті 

органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге 

асырады;


9) республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің 

қызметіне,  шетелдік  діни  орталықтардың  Қазақстан 

Республикасындағы  діни  бірлестіктер  басшыларын 

тағайындауына келісім білдіреді;

10)  осы  Заңда,  Қазақстан  Республикасының  өзге  де 

заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге 

де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

5-бап. облыстардың, республикалық маңызы бар 

қалалардың және астананың діни қызмет және діни 

бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша 

жергілікті атқарушы  органдарының құзыреті

 

Діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл 



мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы 

бар  қалалардың  және  астананың  жергiлiктi  атқарушы 

органдары:

1) өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;

2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни 

қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру 

жөнінде ұсыныстар енгiзедi;

3) жергілікті деңгейде өз құзыретіне жататын мәселелер 

бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;

4) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық 

материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы 

тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ 

ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жо-

раларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын 

келіседі;

5) уәкілетті органмен келiсе отырып, ғибадат үйлерін 

(ғимараттарын) салу туралы, олардың орналасатын жерін 

анықтау,  сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері 

(ғимараттары) етіп бейінін өзгерту (функционалдық мақсатын 

өзгерту) туралы шешімдер қабылдайды;

6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде  Қазақстан 

Республикасының заңнамасы жергілікті атқарушы органдарға 

жүктейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

6-бап. дiнтану сараптамасы

1. Уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша дінтану 

сараптамасын жүргізуді қамтамасыз етеді:

1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың уәкілетті органға 

өтініштері;

2)  Қазақстан  Республикасы  ұйымдарының  кітапхана 

қорларына, сондай-ақ уәкілетті органға діни әдебиеттің, діни 

мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың келіп түсуі;

3) жеке тұлғалардың миссионер ретінде тіркеу және діни 

бірлестіктерді тіркеу туралы өтініші;

4)  жеке  өзі  пайдалануға  арналған  материалдарды 

қоспағанда, діни мазмұндағы ақпараттық материалдардың 

әкелінуі;

5) уәкілетті орган басшысының бұйрығы.

2. Құрылтай құжаттары, сондай-ақ діни мазмұндағы басқа 

да құжаттар, діни білім беру бағдарламалары, діни мазмұндағы 

ақпараттық материалдар мен діни мақсаттағы заттар дінтану 

сараптамасы объектілеріне жатады.

3. Қажет кезінде мемлекеттік органдардың өкілдерін және 

өзге де мамандарды тарта отырып, дінтану сараптамасын 

дінтану саласында арнайы білімі бар адамдар жүргізеді.

4.  Дiнтану  сараптамасын  жүргiзу  тәртiбiн  Қазақстан 

Республикасының Үкiметi айқындайды.

3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ

ДІНИ ҚЫЗМЕТ

 

7-бап. дiни жоралар мен рәсiмдер

1. Дiни бiрлестiктер құлшылық ету орындарын ұстауға 

құқылы.


2. Құдайға құлшылық ету,  діни жоралар, рәсімдер және 

(немесе) жиналыстар ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) 

және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, 

діни бірлестіктер мекемелері мен үй-жайларында, зираттар 

мен крематорийлерде, жақын тұратын адамдардың құқықтары 

мен мүдделері сақталған жағдайда үйлерде, қажетті жағдайда 

қоғамдық тамақтандыру объектілерінде бөгетсіз жүргізіледі 

(жасалады). Өзге жағдайларда діни іс-шаралар Қазақстан 

Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге 

асырылады.

3. Құдайға құлшылық етуді,  діни жораларды, рәсімдерді 

және (немесе) жиналыстарды өткізуге (жасауға), сондай-ақ 

миссионерлік қызметті жүзеге асыруға:

1)  осы  баптың  2  және  4-тармақтарында  көзделген 

жағдайларды  қоспағанда,  мемлекеттік  органдардың, 

ұйымдардың;

2)  Қарулы  Күштердің,  басқа  да  әскерлер  мен  әскери 

құралымдардың,  сот  және  құқық  қорғау  органдарының, 

қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, жеке тұлғалардың 

өмірі  мен  денсаулығын  қорғаумен  байланысты  басқа  да 

қызметтердің;

3)  діни  білім  беру  ұйымдарын  қоспағанда,  білім  беру 

ұйымдарының  аумағында  және  ғимараттарында  жол 

берілмейді.

4.  Қоғамнан  уақытша  оқшаулауды  қамтамасыз  ететін 

арнайы мекемелерде ұсталатын, жазаны орындайтын мекеме-

лерде отырған, қарттар мен мүгедектердің  интернат-үйлерінде 

әлеуметтiк қызмет көрсетуден өтетін, стационарлық көмек 

көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының емделушілері 

болып  табылатын  адамдарға  олардың  немесе  олардың 

туысқандарының тілегі бойынша  салт жораларының қажеттілігі 

жағдайында  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында 

белгіленген  тәртіппен  тіркелген  діни  бірлестіктердің  діни 

қызметшілері  шақырылады.  Бұл  ретте  діни  жораларды, 

рәсімдерді  және  (немесе)  жиналыстарды  өткізу  аталған 

ұйымдардың қызметіне кедергі келтірмеуге, басқа  адамдардың 

құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға тиіс.

 

8-бап. миссионерлік қызмет

1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер 

мен азаматтығы жоқ адамдар миссионерлiк қызметтi тiркеуден 

өткеннен кейiн жүзеге асырады.

2. Миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды 

тiркеудi уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері құжаттар 

ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын 

мерзімде жүргізеді. Миссионер ұсынған материалдар бойынша 

қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде 

тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады.

3. Қазақстан Республикасының аумағындағы миссионер-

лер уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде жыл сайын 

қайта тiркеуден өтуге мiндеттi.

4. Миссионерлер тіркелу үшін уәкілетті органның аумақтық 

бөлімшелеріне мынадай құжаттар мен материалдарды:

1) паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесін;

2) миссионерлiк қызмет аумағы мен мерзiмi көрсетiлген 

өтiнiшті;

3) дiни бiрлестiктің атынан миссионерлiк қызметті жүзеге 

асыру құқығына дiни бiрлестiк берген құжатты;

4)  өкілі  миссионер  болып  табылатын  діни  бірлестікті 

Қазақстан  Республикасында  мемлекеттік  тіркеу  туралы 

куәліктің және оның жарғысының көшірмесін;

5)  миссионерлік  қызметке  арналған  діни  әдебиетті, 

дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни 

мақсаттағы заттарды ұсынады.

Қазақстан  Республикасындағы  шетелдіктер  мен 

азаматтығы жоқ адамдар миссионер ретінде тіркелу үшін 

уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне қосымша мынадай 

құжаттарды:

1) миссионер оның атынан өкілдiк ететін дiни бiрлестiктің 

шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тiркелгендiгiн 

куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған 

құжатты;

2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің 

шақыруын ұсынады.

Шет  мемлекеттер  берген  құжаттардың  қазақ  және 

орыс  тілдеріне  аудармасының  дұрыстығы  Қазақстан 

Республикасында нотариат куәландырған және аударманы 

жүзеге асырған аудармашы қолының түпнұсқалығы Қазақстан 

Республикасында  нотариат  куәландырған  түрінде  табыс 

етіледі.

5. Миссионер ретінде тіркеуден өту үшін құжаттар ұсынған 

Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен 

азаматтығы жоқ адамдарды дінтану сараптамасының теріс 

қорытындысы негізінде, сондай-ақ, егер оның миссионерлік 

қызметі  конституциялық  құрылысқа,  қоғамдық  тәртіпке, 

адамның құқықтары мен бостандығына, халықтың денсаулығы 

қазақстан республикасының

зАңы

діни қызмет және діни бірлестіктер туралы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет